Жаңалықтар

Белал Мухаммад пен Шавкат Рахмонов жекпе-жегі қашан өтеді

Белал Мухаммад пен Шавкат Рахмонов жекпе-жегі қашан өтеді
Фото: ©UFC 07.02.2025 23:45 106

Жартылай орта салмақта UFC чемпионы Белал Мухаммад Рамазан айында жекпе-жекке шықпайтынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Енді Белал Мухаммад келесі айқасын Қазақстан спортшысы Шавкат Рахмоновпен өткізуі мүмкін. Өз сөзінде ол жекпе-жекке ең қолайлы уақытты атап өтті.

Наурызда Ораза басталады өтеді, сондықтан осы қасиетті айды өзіме арнаймын. Сәуірде жаттығуымды бастаймын, ал мамырда жекпе-жек өткізу — ең дұрыс шешім болар еді, — деді Белал.

Белал Мұхаммад бұған дейін Рамазан айында бірнеше рет октагонға шыққанын, бірақ мұның қаншалықты қиын екенін айтты.

Чемпиондық белбеуге жету үшін кез келген мүмкіндікті пайдалануға тырыстым. Сол үшін Рамазан кезінде жекпе-жек өткізуден бас тартпадым. Бірақ бұл өте қиын. Егер таңдау болса, қасиетті айда жекпе-жек өткізбеймін, — деді Белал MMAJunkie.com порталына берген сұхбатында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға