Бекзат Нұрдәулетовтің әуесқой боксқа қайта оралуының себебі белгілі болды
Бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов кәсіби бокстан әуесқойлар құрамасына неліктен оралғанын туралы айтты. Токио Олимпиадасында сәтсіздікке ұшыраған ол кейін кәсіпқой боксқа бет бұрған болатын. Алайда жыл басында ол ұлттық құрама сапында халықаралық турнирде бақ сынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Бірінші бол сайтына сілтеме жасап.
Әуесқой боксқа қайта оралуымның бірнеше себебі бар. Оның ішіндегі ең маңыздысы – еліміз намысын ірі жарыстарда қорғағым келді. Сондықтан қайта оралдым. Әрине, кәсіби бокстан түбегейлі кеткен жоқпын. Ол жақта да алатын асуым, шығар биігім бар. Ал Токио Олимпиадасындағы сәтсіздіктен соң қатарға қосылу оңай болмады. Психологтармен жұмыс істедім. Бапкерлерім көмектесті. Токио ойындары мен үшін үлкен сабақ болды, - деді Бекзат Нұрдәулетовтің сөзін Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдерімен болған әңгіме барысында.
Маңғыстаулық боксшы 15 желтоқсанда Астанада Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ұйымдастыруымен «Чемпиондар түні» атты кәсіпқой бокс кешінде жеңіске жетті. Ол сында Б.Нұрдәулетов (6-0, 2 KO) ресейлік боксшы Никита Зонды төрешілер шешімі бойынша жеңіп, 20 мың АҚШ доллары көлемінде гонорар алды.