Жаңалықтар

Бекзат Алтынбеков: санмен емес, сапамен жұмыс істейміз

04.10.2018 03:27 3927

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында айтқан болатын.

1995 жылғы 1 наурызда оның мәртебесін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативті-кеңесші орган деп бекіткен Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлығы шықты.

Сол уақыттан бері жиырма жылдан астам уақыт өтті. Республика және өңірлік деңгейде ауыз толтырып айтарлық маңызы бар іс-шаралар көптеп атқарылуда.

Бүгінгі редакциямыздың қонағы Қарағанды бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Бекзат Қомарұлы Алтынбеков Қарағанды облысы ассамблеясының атқарып жатқан жұмысымен толық таныстырып кетті.

Бекзат Алтынбеков 1973 жылы Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Қоңырат ауылында туған.  

Қазақ қатынас жолдары университетінің Жезқазған аймағында қашықтан оқыту орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, Жезқазған қалалық  Мәслихатының депутаты,  Жезқазған қалалық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, 2016 жылдан бері Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.

 

— Қарағанды облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі мен құрылымы туралы толығырақ айтып өтсеңіз.

— Қарағанды облысында Қазақстан Республикасының Президенті — Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей қолдауымен салынған Достық үйі бүгінгі таңда ымыра бірліктің ошағы, татулықтың тұғыры, тың бастамалардың басшысы болып отырғаны сөзсіз. Өздеріңіз де білесіздер, бұл ғимараттың пайдалануға беріліп, әрекет ете бастағанына да көп уақыт бола қойған жоқ.

Сарырақаның сары аязында көңіл жылытқан керемет құбылыс 2015 жылы орын алған болатын. Тәуелсіздігімізге тамаша тарту — Ассамблеядағы айшықты жаңалықтардың бірегейі болып, сәулеті мен сән-салтанаты бір төбе болып салынған Достық үйі Ассамблеяның ХVIII сессиясына қатысушыларға есігін айқара ашып, ұлт пен ұлысты біріктірген қара шаңыраққа айналды. Содан бері атқарылған шаруалар шаш етектен.

Ал енді осы қара шаңырақтың қызметі мен құрылымы қандай, бағыт-бағдары қай жаққа бұрады деп беріліп отырған сіздің сұрағыңызға тоқталсақ. Мемлекеттік мекеме облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарушы органы болып табылады. Облыстық ассамблеяның атқарушы органының мақсаты — облыс Ассамблеясының жұмыс істеуіне ұйымдастырушылық, қаржылық, материалдық-техникалық және басқа да қамтамасыз етудің тиімді жүйесін құру.

Мемлекеттік мекеме қызметінің негізгі бағыттары:   қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдесу; қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға үлес қосу; мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту; облыстағы демография және көші-қон саласындағы жоспарлар мен іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу; елде және шет елде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін насихаттау; қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған ағартушылық және баспа қызметін жүзеге асыру.

Тұшымды етіп тоқ етерін айтар болсақ, нәубет көріп, басынан кешкен қасірет тарихы бір қаншама ұлт өкілдерінің жатсынбай, өнері мен мәдениетін өлтірмей, Қазақстанның дамуына үлес қоса отырып, жайбырақат күн кешулеріне жәрдемдесу, сайын даланы дүбірлей шапқан, өркениетті елдердің қатарында болған еліміздің құндылығын өркендету, былайша айтқанда, Қазақстанның бүгіні мен келешегі үшін қаланып жатқан әрбір кірпіштің қойылуына айрықша ат салысу болып табылады.

— Қарағанды облысындағы Ассамблеяның міндеті қандай? Қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық моделін жүзеге асыруда қандай шаралар атқарылып жатыр?

— Ассамблеяның өміршеңдігінің ең басты ерекшелігі — ол этностық топтардың қызметін бақылаумен айналысатын қарапайым ұйымға ғана айналып қоймай, сонымен қатар еліміздегі барлық ұлт пен ұлыстың мүдделерін бір арнаға тоғыстырушы, барлық азаматтардың этностық, діни ерекшеліктеріне қарамастан, құқығы мен бостандығын сақтаушы толыққанды саяси институтқа айналуында. Сөз басында да айтқан болатынмын, қызмет пен құрылымнан, бағыт-бағдарымыздан облысымыздағы ассамблеяның міндеті айқын аңғарылып тұр. Оған басқа алып қосарым жоқ.

Аласапыран болған әлемде әр ел бүгінгі таңда өз бастарын арашалап қалуға әрекет етуде. Бір елде бірнеше ұлт өкілдері мекен ететін мемлекеттер үшін бұл үлкен сынақ болып отыр. Осы бір қатерді көрші елдерден де аңғарамыз. Қаншама ұлттардың ата қонысына айналған Қазақстан да тәуелсіздік алған жылдары қауіп-қатердің ошағы болады, ұлттар арасындағы ішкі қақтығыстар орын алады деп болжанған болатын. Алайда ол болжамның ойран-топыры шықты. Өз тілі, дәстүрі, жолы бар ұлт өкілдерін бір арнаға тоғыстырып, бір мақсат-мүддеге жұмылдыру үлкен еңбекті қажет ететін жұмыс. Тарих беттерінде алтын әріппен жазылып қалған 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативті-кеңесші орган деп бекіткен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған болатын. Міне, осы бір ауыр міндетті мойнына арқалаған Ассамблея өзіне жүктелген миссияны жүз пайыз орындап шықты. Ассамблеяның 2003 жылғы X сессиясында «Ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделі: тәжірибе және болашақ» деп нақты қадамдар жүйесі жасалып, ол жүзеге асты. Осыдан бері дамудың даңғыл жолына түскен еліміз, этно мәдени бірлестіктер бірлесе жұмыс атқарып қазақстандық дамудың үлгісін көрсете білді. Енді достық үйінің бұл салада жасаған жұмыстарын жіпке тізгендей етіп айтып бүгін біте алмасымыз анық. Жалпылай алғанда облыста Ассамблеяның қатысуынсыз өтетін іс-шаралар кем де кем. Демек қазақстандық моделді қалыптастыруда қарқындымыз деуге болады.

— Өңірдегі этномәдени бірлестіктердің хал-ахуалы бүгінгі күнде қандай дәрежеде?

— Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктері барлық әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға белсене қатысады.

Облыстық және республикалық маңызы бар іс-шараларға белсенді түрде қатысатын этномәдени бірлестіктердің жүзден астам шығармашылық ұжымы бар. Олардың ішінде үш ұжымға «Халықтық» жоғары атағы берілді. Облыстық ассамблея құрылымдарымен түрлі топтарда түсіндірме мақсатындаіс-шаралар ұйымдастырылды. Облыстық этномәдени бірлестіктерінің белсенділері осы іс-шараларға белсене қатысуынжалғастыруда. Әрине бұлардың ішіне аймақтағы этномәдени бірлестіктер де кіріп отыр. Өткенде ғана облысымызда өткен мәдени күндер аясында Жезқазған, Балғаш, Сәтбаев қалалары, сондай-ақ алыс-жақын аудандардан келген этномәдени бірлестіктер өздерінің мерекелік шараларын өткізді.

Облыспен де тығыз қарым-қатынас орнаған. Даму деңгейі қалыпты десем, артық айтқаныдығым емес. Бір облысымыздың өзінде үш Достық үйі бар. Өткен жылдары Сәтбаев қаласында ашылды. Алдағы уақытта Балқаш қаласында да ашу жоспарда бар. Бұның өзі аймақтағы ағайынның тынымсыз еңбегінің нәтижесі деп білемін.

— Қазақстан халқы Ассамблеясының Қарағандыдағы ғылыми-сараптамалық тобының атқарып жатқан жұмысына тоқталсақ.

— ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының сапалық құрамы өңірдің жиырма жетекші ғалымдары мен сарапшыларынан тұрады. Оның ішінде төртеуі ғылым докторы, он ғылым кандидаты, үш магистр бар.

Ғылыми-сараптамалық топтың негізгі міндеті сол қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттары бойынша Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметін ғылыми-эксперттік сүйемелдеу, Қазақстандық қоғамның біртұтастығын нығайту, ұлтаралық келісімді сақтау бойынша демократияны дамытудағы азаматтық институт ретінде Ассамблея рөлін арттыруға атсалысу.

Әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси, этносаралық және конфессияаралық қатынастардың даму үрдістерін эксперттік бағалау, қоғамдық келісім саласындағы жағдайға болжау жасау және де өңірдегі этносаралық, конфессияаралық қатынастар саласы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды ұйымдастыруболып табылады.

Бірнеше ғылыми жинақ ғылыми-сараптамалық топтың зерттеулерінің нәтижесінде өмірге келді.

— Облыста қанша медиация кабинеті бар? Кәсіби және қоғамдық медиторлардың қызметі жүйеленген ба? Медиаторлар мен журналистер арасында серіктестік қатынас орнаған ба?

— Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінде медиация кабинеті жабдықталып, азаматтарды өтініштері бойынша үнемі қабылдау ұйымдастырылады, сенім телефоны жұмыс жасайды.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын, қақтығыстардың алдын алу мен шешу үшін медиаторлар желісін дамыту жұмысы жүргізіліп жатыр. Мемлекеттік органдарда мекеменің бастамасымен халықтың құқықтық мәдениетін нығайтуды жүзеге асыру мақсатында есепті кезеңде жасалған Меморандумдар шеңберінде үкіметтік емес ұйымдар жүйелі әр түрлі оқыту семинарларын өткізіп тұрады. Медиаторлардың қатысуымен дөңгелек үстелдер өткізіледі.

Достық үйінде 2018 жылдың 16 мамырында әлеуметтік медиаторлардың әлеуетін нығайту үшін «Медиация — қоғамды қалыптастырудың тиімді институты» бағытында оқу курстарын өткіздік.

Курс «Қазақстан Республикасындағы медиация институтын жетілдіру», «Медиация — қоғамды қалыптастырудың тиімді институты», «Әлеуметтік еңбек қатынастарындағы медиация» атты үш тақырып бойынша ұйымдастырылып, практикалық сабақтар өткізілді.

Қарағанды облыстық сотында дауларды (дау-шараларды) сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институтын кеңейту, медиацияны кеңінен қолдану, «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының заңын іске асырудың проблемалық мәселелері тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Биылғы жылдың екінші жартысында Қарағанды облыстық білім басқармасымен Меморандумға мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының, соттардың, кәсіби және қоғамдық медиаторлардың (Шахтинск, Абай, Балқаш) төрағаларының қатысуымен бірлескен жұмыс отырысын, сондай-ақ аймақтық семинарлар өткізу жоспарланып отыр.

2018 жылы медиация туралы, сондай-ақ Қарағанды облысының Қазақстан халықтары Ассамблеясының медиация кеңсесіне басқа құқықтық мәселелер бойынша көмек алу үшін, жалпы Қарағанды облысының әкім аппаратының «Қoғaмдық келісім» КММ-не отыз алты адам өтініш білдірді. Олардың виртуалды кеңсесінен он жеті адам, Ашық есік күні қарсаңында медиация бойынша он алты адам, үш азаматқа сенім телефоны арқылы ауызша кеңес берілсе, он адам медиация кеңсесінен тікелей кеңес алды.

Азаматтарға медиация арқылы жанжалдарды шешу мүмкіндіктері туралы, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудағы медиацияның рөлі және медиация туралы ақпарат бейнесі мен оны қолданудың артықшылықтары 2017 жылдың маусымында шығарылып, іске қосылды. Бұдан басқа бұл бейне мекеме веб-сайтында жарияланды және Достық үйінің жарықдиодты экранында көрсетілді, сонымен қатар демонстрация ұйымдастыруға қалалар мен аудандар әкімдеріне және облыс соттарына жіберіледі.

«Медиация туралы» Қазақстан Республикасының заңын іске асыру және медиация институтын үйлестіру мақсатында «Қарағанды облысының www.kelisim.kz» әкімінің «Қоғамдық келісім» КММ ресми сайтында медиация мәселелері бойынша арнайы бөлім бар, виртуалды кабинет, медиация оқиғалары туралы ақпарат және қоғамдық тізілім медиаторлары. Азаматтар медиаторға тікелей сұрақ қойып, жауап алуға болатын жерге барады.

— Облыстағы Достық үйінде биылғы жылы атқарылған шаралар барысымен бөлісіп кетсеңіз.

— Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейін) даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес әрбір атқарылған жұмыстарды бүгін айтып болмаспыз. Әр мерекеден бастап қазақтанудаға дейінгі әрбір мереке жоғары деңгейде жоспарланып өткізіліп отырады. Бір айта кетерлігі, 2018 жылдың есеп беру кезеңінде облыстық ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен Мексика, Перу, Польша, Түркия, Франция, Шотландия, Жапония, Ресей, Тәжікстан кәсіби ұжымдарының қатысуымен «Жезкиік» халықаралық этникалық музыка фестивалі және «Қазақ еліне мың алғыс» монументі мен «Ұлытау» аллеясының ашылу салтанаты өтті, онда Мемлекет басшысы облыс әкімі Ерлан Қошанов бастаған Қарағанды облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен бейресми жағдайда кездесті.

2018 жылдың 4 шілдесінде Достық үйінде облыстық ҚХА XXI сессиясы өтті. Сессия жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Л. А. Прокопенко, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының төрағасы, Қарағанды облысының әкімі Е. Қошанов қатысты. Сессияға облыстық Ассамблеяның мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары, облыстың этномәдени бірлестіктерінің активтері, облыс қалалары мен аудандарының әкімдері келді.

2018 жылғы 1 шілдеде «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасын алға жылжыту және ҚХА-ның «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық беру жобасын насихаттау шеңберінде «Бабалардың көзіндей қасиетті домбыра» акциясы өткізілді.

ЭМБ және облыстық ҚХА қайырымгерлер мен тәлімгерлер клубы өкілдерінің, облыстың кәсіпкерлерінің қатысуымен Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Балқаш қалаларының перинаталдық орталықтарында жаңа туған балаларға Қазақстан халқы Ассамблеясының логотипімен ұлттық аспап — домбыра салтанатты жағдайда сыйға тартылды. Әрбір сыйлық есте қаларлық тілекпен берілді. Сонымен қатар облыстық ҚХА бастамасымен ұлы ойшыл Бұхар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылдың 9 тамызында Достық үйінде жыраудың мерейтойына арналған бейнелеу өнері және сәндік-қолданбалы шығармашылық конкурс көрмесі өтті. Байқауға суретшілер Одағының мүшелері: М. Қалмаханов, К. Балабеков, Д. Ізбасарұлы, Ю. Ку, Ж. Балбеков және жас суретшілер қатысып, елуге жуық туындыларын ұсынды. Ашылу рәсіміне Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары Деспина Касапиди мен өзім, сондай-ақ облыстың этномәдени бірлестіктерінің мүшелері қатысты. Ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінде Қарағанды қаласы әкімдігінің «Қарағанды қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдастыруымен Қазақстан халқының Тілдері күніне арналған фестиваль өтті. Фестиваль Қарағанды қаласының этномәдени бірлестіктері арасында өткізілді.

«Видергебурт» неміс орталығы» қоғамдық бірлестігі мен «Ахыска» түрік ұлттық орталығы» қоғамдық бірлестігі, «Дакия» румын облыстық қоғамы және «Қарағанды облысының кәріс этномәдени бірлестігі» орталығы белсенді қатысты.

Астана қаласының 20 жылдығын тойлау аясында ҚХА қамқорлығымен Достық үйі базасында 2018 жылы 25 шілдеде «Ел жүрегі — Астана» патриоттық акциясы өткізілді. Мерекелік концертке «Казачья вольница», «Дакия», «Хайдакъ», «Вайнах» және тағы басқа облыстың этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары қатысты.

Құрметті қонақ ретінде 2012 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Сәпиев шақырылды.

Үшінші тоқсандағы елеулі оқиғалардың бірі — Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қарағанды облысына сапары болды. Сапар барысында Мемлекет басшысы Достық үйінде болып, Қарағанды облысының одан әрі дамуы туралы кеңес өткізді. Отырыста Қарағанды облысының әкімі Е. Қошановтың баяндамасы тыңдалды және облыстың этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен, төрағаларымен әңгімелесу, олардың қызметімен танысу өтті. Президент өз сөзінде қоғамдық келісімді нығайтуға, этностардың салт-дәстүрлері мен ұлттық мәдениетін сақтауға, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге бағытталған қоғамдық маңызды нысандар ретіндегі Достық үйлерінің рөлін атап өтті.

— Өзіңізді меценат ретінде танимыз. Қарағандыда Ассамблея аясындағы қайырымдылық қоры қайырымдылық істеріне қатысып жатыр ма?

— Қарағанды облысының ҚХА жанындағы қайырымдылық және тәлімгерлер клубы 2017 жылдың қарашасында құрылды. Клубқа облыстың 23 ірі қайырымдылық көрсетушілері мен қамқоршылары кірді. Клуб төрағасы «КазПласт» ЖШС директоры болып Сергей Водко сайланды.

2018 жылдың 14 ақпанында Достық үйінде Қарағанды облысының ҚХА жанындағы қайырымдылық және тәрбиешілер клубының отырысы өтті. Күн тәртібінде қайырымдылықты дамыту мәселелері, алдағы жылға арналған жұмыс жоспары, сондай-ақ алғыс күніне арналған іс-шаралар жоспары қамтылды.

Облыстағы мемлекеттік мерекелерді тойлау қарсаңында, Қарағанды облысының ҚХА жанындағы қайырымдылық және тәлімгерлер клубының қатысуымен,Халықтың қамқорлығына зәру әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының (аз қамтылған және көп балалы отбасылардың, мүгедектердің), Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арналған қайырымдылық акциялары өткізілді.

Бұдан басқа демеушілік және қайырымдылық көмегінің арқасында әлеуметтік және мәдени нысандардың құрылысы мен жөндеу жұмыстары қаржыландырылды. Мысалы, Юбилейный ауылындағы балалар ойын алаңы салынды, Дубовка ауылындағы балалар мен жасөспірімдер клубы жөнделді, Самарқаның және Агрогородоктың ауылдарында су құбырының құрылысы жүргізілді, Зараспай ауылында жарықтандыру мен сумен жабдықтауды жөнделді,Жезқазғандағы балабақшаның құрылысы жүргізілді.

Ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне шаруа қожалықтарының төрағалары, аймақтық ҚХА мүшелері қатысты. Бұдан басқа облыстың меценаттары Жезқазған қаласының жас мамандарымен тұрғын үй мәселесін шешу, пәтер сатып алу кезінде көмектесті.

Есепті кезеңде тарапынан 7 532 745 теңге көлемінде аз қамтылған отбасылары мен мүгедектерге (1079), қарттар мен ардагерлерге (4262), ұйымдарға (68), кәмелетке толмағандарға (1429) 328 меценат қайырымдылық көмек көрсетті.

— Ұлтаралық татулық туралы Ассамблея мүшесі ретіндегі көзқарасыңыз қандай?

— Қазақ ұғымындағы ұлағатты сөз, киелі ұғым, сондай қасиеттердің бірі – бірлік. «Бірлік түбі – береке», «Төртеу түгел болса төбедегі келеді», «Бірлігі кеткен ел жаман» дейтін халық аузындағы сөздер осының айқын айғағы болса керек. Санмен емес сапамен, қарумен емес батамен күн кешкен бұрынғылардың басын қосқаны, сара жолдары мен өнегелі өсиеттерінің бізге сарқыт болып жетуінің де бірден-бір себебі, олардың ымыра бірлікте, ынтымақта күн кешкендігі, бейбітшілікте, есендікте өмір сүруге ұмтылу қазақ халқының қанына сіңген асыл қасиеттерінің бірі екені сөзсіз. ­Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының «Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің: қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату көршілік жағ­дайында тұруға ­деген ынта-ықы­ласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алды» деген сөзі кешегі мен бүгінгі тарихымызды ұштастырып тұр.

Тіпті қазақ жеріне табан тигізген әлем саяхатшылары, ғалымдар, дипломаттар естеліктерінде қазақ халқының қонақжай, сабырлы, ежелден бейбітшілік пен ынтымақ сүйгіш, өз бетінше ешкімге ұрынбаған, соғыс ашпаған ел екенін сүйсіне жазған. Сондай елдің Қазақстан болғаны, осындай елде тұратынымызды әрбір отандасымыз мақтан тұтуы қажет деп ойлаймын.

— Қарағандыдағы жоғарғы оқу орындарында ҚХА кафедрасы ашылған ба? Олардың қызметі туралы айтып өтсеңіз.

— Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың ұсынысы бойынша Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедралары құрыла бастады. Кафедралар қызметінің негізгі бағыттары анықталды: қоғамдық келісіммен қамтамасыз ететін мемлекеттік саясатпен байланысты пәндерді оқытудың теориясы мен методологиясын қалыптастыру.

Кафедралар қызметінің маңызды бағыты жоғары оқу орындарындағы студенттер арасындағы жаңа тәсілдер мен шешімдер арқылы тәрбие жұмыстары жүргізу болып табылады. Тәрбиелік іс-шаралар қазіргі заманғы әдістерді ескере отырып, қатысушыларды кеңінен қамтуға және тиімді нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін әр түрлі форматымен ерекшеленеді. Әлеуметтік-саяси іс-шаралар мен әлеуметтік маңызы бар жобаларға ҚХА кафедраларының қатысуы алынған практикалық тәжірибені ғылыми, әдістемелік және оқу-тәрбие жұмысында қолдануға мүмкіндік береді.

Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедралары келесі жоғары оқу орындарының базасында орналасқан: академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік унивреситеті, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Қарағанды экономикалық университеті, Қарағанды мемлекеттік индустриалды университеті.

Өңірдегі ҚХА кафедраларының қызметі Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін өңірдің насихаттау бойынша білім беру, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарын жүргізуге және студент жастар арасында патриотизмді қалыптастыруға бағытталған.

ҚХА кафедраларының стратегиялық дамуы қоғамның азаматтық-патриоттық және рухани-мәдени топтасуын, қазақстандықтардың санасында мемлекеттілік құндылықтардың, елдегі қоғамдық бірлік пен келісімнің, жасампаздық пен бейбітшіліктің нығайуын білім беру процесі арқылы жүргізуге бағытталған.

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       

 

 

 

 

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға