Жаңалықтар

Бектенов уәкілетті мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің жұмысын сынға алды

Бектенов уәкілетті мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің жұмысын сынға алды
Фото: t.me/KZgovernment 13.02.2024 11:00 3439

Үкімет басшысы Олжас Бектенов дұрыс инвестициялық саясат қалыптастыру негізгі фактор екенін тілге тиек етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Премьер-министр: «Ең кемі 60 пайыз деңгейіндегі тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету Үкіметтің биылғы және орта мерзімді кезеңге арналған басым міндеті болып қала бермек», – деді.

Осыған байланысты мемлекеттік қолдау шараларын, сонымен бірге жаңа іске асырылып жатқан жобалардың салаларды дамытуға қосатын үлесін ескере отырып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму болжамының параметрлерін қайта қарау қажет. Ұлттық экономика министрлігіне салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп, бір ай мерзімде осы жылы 6 пайыз деңгейінде экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимыл әзірлеп, бекітуді тапсырамын, – деді Олжас Бектенов.

Сонымен қатар премьер-министр жоспарда қаржылай қамтамасыз етілген нақты әрі тиімді іс-шаралар көрініс табуы тиіс екенін қадап айтты.

Биылғы қаңтар айында негізгі капиталға салынған инвестиция небәрі 0,6 пайызға өскен. Мұндай төмен көрсеткіштер уәкілетті мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің сапасыз жұмысын көрсетеді. Инвестициялық штаб жұмысын күшейту қажет. Оған жеткілікті өкілеттіктер берілген. Министрлер мен әкімдердің басты міндеті – инвестициялық жобаларды іске асыруға тиімді әрі пәрменді қолдау көрсету, – деді Үкімет басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға