Бектенов бұрынғы Семей полигонын тікұшақпен аралап көрді

Жұмыс сапарымен Абай облысына барған премьер-министр Олжас Бектенов бұрынғы Семей полигонының аумағын тікұшақпен аралап көрген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Премьер-министр бұрынғы Семей полигоны аумағын тікұшақпен аралау кезінде «Балапан» сынақ алаңы нысандарын, оның ішінде «Атом көлі» мен шахталық іске қосу қондырғыларын қарап шықты. Сондай-ақ ол әлемдегі алғашқы токамак «Байкал-1» ядролық зерттеу реакторының жұмысымен танысты. Ұлттық ядролық орталықта болып, энергетикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Бұдан бөлек Бектенов Курчатов қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған, атап айтқанда, тұрғын үй қорын қалпына келтіру, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту және басқа да қабылданып жатқан шаралармен танысты.
Мемлекет басшысы алдымызға энергетиканы дамыту және ядролық кластер құру жөнінде маңызды міндет қойды. Қазақстан – әлемдік нарықтағы 43% үлесімен уран экспорты бойынша көшбасшы мемлекет. Бізде зерттеу реакторларын пайдалану тәжірибесі бар және мықты ғылыми әлеует қалыптасқан. Толық ядролық отын цикліне көшу экономиканың барлық саласында ілгерілеуді қамтамасыз етеді, - деп атап өтті Олжас Бектенов.
