Жаңалықтар

«Бекіре-2024»: Үш адамға қылмыстық іс қозғалды

«Бекіре-2024»: Үш адамға қылмыстық іс қозғалды
Фото: ҰҚК 08.06.2024 12:42 598

ҰҚК Шекара қызметі ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 31 мамырына дейін Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында оларға іргелес жатқан аумақтық суларда Каспий теңізінде «Бекіре-2024» балық қорғау акциясын өткізді, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Нәтижесінде 90 аумақтық және ішкі су режимін, 72 шекаралық режимді бұзушылар және 69 жүзу құралдары ұсталды. 

Көптеген браконьерлік аулау құралдары, оның ішінде 263 км-ден астам торлар мен 20 мың ілмектер тәркіленді.

Табиғи мекендеу ортасына 1 085 бекіре тұқымдас балық (салмағы 5 536 кг), 65 474 ұсақ тұқымдас балық (салмағы 52 571 кг), сондай-ақ 67 итбалық жіберілді. 

Салынған әкімшілік айыппұлдың жалпы сомасы 7,3 млн теңгеден асты. 

Қазақстанның 3 азаматына қатысты Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлардың түрлеріне, олардың бөліктеріне немесе дериваттарына пайдалануға тыйым салынған түрлерге заңсыз қарау) қылмыстық істер қозғалды.

Мемлекетке келтірілген залал 2,3 млрд теңгеге бағаланады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға