Жаңалықтар

Бекболат Тілеухан өзіне жала жабылғанын, ешкімді алдамағанын айтып ақталды

Бекболат Тілеухан өзіне жала жабылғанын, ешкімді алдамағанын айтып ақталды
Фото: instagram.com/bekbolat.tleukhan 26.07.2023 13:14 3137

Бекболат Тілеухан қазақтарды Сириядағы соғысқа жібермегенін және Сауд Арабиясынан ақша алмағанын айтып ақталды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Былтыр жыл басында Түркияға кетіп қалған Бекболат Тілеухан осы уақыт аралығында немен айналысқанын өзінің Instagram-парақшасында мәлімдеді.

Оқи отырыңыз:

Qonaev.info-ның хабарлауынша, қоғамда Бекболат Тілеуханның діни көзқарасы жайында әңгіме көп. Азаматтардың кейбірі оның салафизм ағымын ұстанушы және Қазақстандағы салафиттердің белді өкілі екенін айтады. Тіпті, осыдан бірнеше жыл бұрын Дін істері агенттігін басқарған Қайрат Лама Шариф те Бекболат Тілеуханды дәстүрлі емес діни ағым өкілі деп ашық айыптаған болатын.

Сондай-ақ, Тілеуханды қажылыққа баратындардың жинаған ақшасын жымқырып кетті деген де айып тағылған екен. Мұны экс-депутаттың өзі айтып отыр.

Осы сөздерден әбден қажыса керек, экс-депутат ақталып ағынан жарылды.

«Маған талай жала жабылды. Қару сатты деді, анасын өлтірді деді, анасын тікелей көмді деді, ән ұрлады деді, Сауд Арабиясынан ақша алды деген айыптар жетіп жатыр. Бірақ, ең ауыр айып – қарапайым халықтың қажылыққа барам деп тірнектеп жинаған ақшасын жымқырып кету деген болды. Ол жаланың авторы – Медет Мұратбайұлы. Бұл балаға да біреулер айтқызып отыр», - дейді Бекболат Тілеухан.

Ол өзіне тағылған айыптардың бәрі жала екенін айтып отыр, соны дәлелдеу үшін қолын Құран кітабына қойып ант етті.

«Анамды өлтірген жоқпын, Ғарифолла Құрманғалиевтан ән ұрламадым, Сирияға бір кісіні жіберсем құдай көріп отыр, ант етемін. Сауд Арабиясынан ақша алмадым. Елдің күмәні қалмасын деген ой. Осылай айтуға мәжбүрмін», - деп сөзін түйді Бекболат Тілеухан.

Еске салайық, Б.Тілеухан жетінші шақырылымдағы Мәжіліс депутаты болды. Депутаттық мандатынан айрылар алдында ол журналист Айнұр Коскинамен жанжалдасып, оның соңы сотқа дейін барған еді. Артынша Тілеухан Түркияға қызмет ауыстырды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Bekbolat Tleukhan (@bekbolat.tleukhan)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға