Жаңалықтар

Бегім ана туралы халық аузындағы аңыз

Бірде адамдар Бұхараға сататын қойларын айдап, Жанкенттің маңынан өтіп бара жатады.
19.06.2014 10:45 24391

Бірде адамдар Бұхараға сататын қойларын айдап, Жанкенттің маңынан өтіп бара жатады. Тұспа – тұс жақындай бергенде, олар алдында кетіп бара жатқан бір қойдың мүйізіне жылан оралғанын көреді. Мал айдаушылар абыржып, бұл жыланнан қалай да құтылудың жолын ойлайды. Бірақ қойға ешқандай зақым жасамаған соң тимейді. Қарсы кездескен адамдар жыланды көріп ығысып, қойларды айналып өте береді. Ұры – қарыдан да қорықпайды. Сөйтіп, бұлар Бұхараға келіп, базар алаңына ілінгендерінде жылан да мүйізден ажырап жөніне тартып тұрады. 

Бегім ана туралы халық аузындағы аңыз
Сөйтіп, ол Мазы оқитын медресеге келеді. Бірақ оны тұрағынан таба алмай, етігіне оралады. Мұның бәрін ешкім де көрмеген, тек Мазының ұстазы – әулие молда біліп отырыпты. Ал Мазы үйіне келерде ұстазы оған төніп тұрған қатер жайлы ескертеді. Сөйтіп ол өте сақтықпен етігінің қонышына кетпеннің сабын сұғып, оған орала қалған жыланды сыртқа лақтырып жібереді. Сонымен арам пиғылды жыланның басы кетпенмен шабылыпты. 
Бұл оқиға жайлы Бұхара әмірі есітіп, Мазыны дереу өзіне шақыртыпты. Куәгері болып, басынан өткен Жанкент оқиғасын айтқызыпты. Әмір Жанкенттің орасан байлығына қызығып, қаланың жұртына қалың қол аттандырады. Қалаға енген жауынгерді жылан шақпайтындай етіп, сиқырлы дұғалар оқитын оқымысты молдалар да болды. Солардың арқасында жауынгерлер Жанкенттің байлығын жинап, Бұхара әміріне табыс етеді. Ол үшін билеуші Мазыға үлкен рахмет айтып, өзінің патшалағынан шағын қалашық сыйға тартқан екен. Ол қалашық әлі күнге дейін Бұхара жағында бар дейді. Онда Мазының ұрпақтары тұрып жатқан көрінеді. Санжар қаласының құлауы туралы аңыз осылай дейді. Мұнда ал бұл күндері жергілікті халық аузында сақталған «Бегім - Ана» жайлы аңыз желісі А.Нестеровтың жазбасына қарағанда өзгешелеу. Оны Қазалы өңірінің көнекөз қариялары айтып берер еді. Олардың ұғымынша, Бегім әулие әйел. Ары таза, еріне шын берілген, биік махаббат иесінің бейнесіндей. Бір жағынан әділеттілік туралы халық ертегісі сияқты.
Әлқисса, әулие Қарабура айтқандай, Бегімнің күнәсіз кесілген бұрымы мен қолы өз қалпына келіпті – міс. Сонда Санжар хан «жаздым, жаңылдым» деп, Бегімнің аяғына жығылып, кешірім сұрауға ұмтылған екен… Бірақ Бегім әп – сәтте торғайға айналып, пыр етіп ұшып кетіпті. Сонан барып Ұзынтамға қонған жерінде, құдіреттің күшімен биік мұнара пайда болыпты. 
Бегім ана мұнарасына бұл аймақтың адамдары табынатын болған. «Бегім – ана, сұлу – жан апам» деп, әруағына сыйынып, әулиедей пір тұтқан. Тағы бір айтарымыз – мұнараның маңына ер кісілерді жолатпайды, оларға зиянкестік жасайды деген ұғым көптен қалыптасқан. 
Ертерек уақыттарда бедеу әйелдер перзент бере көр деп, мұнара басына түнейді екен. Қазіргі күндері Бегім ана мұнарасы елді мекендерден сырт қалған. 
Ал ертедегі Жанкент қаласының археологиялық орны Сырдария өзенінің сол жақ бетінде, Қазалы қаласынан төменірек жерде жатыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға