Жаңалықтар

Әбдіуақап Қара: Еуропа қазақтары әр құрылтайды сағына күтеді. ІІІ бөлім

Биылғы Еуропа қазақтарының басқосуы 6-8 маусым аралығында Берлинде өтпек.
12.03.2014 09:35 5382

Соңы. Басы мына жерде

Еуропа қазақтары Құрылтайына Қазақстаннан көмектесеміз, ниеттеспіз деп қол ұшын созғандар болды ма?

Әрине, болғанда қандай! Ең қуаныштысы осы Кельн қаласындағы жиналыстан кейін, Еуропа қазақтарының құрылтай жиналыстарына Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қамқоршы бола бастады. Алғаш рет осы жиналыста Қазақстанның Берліндегі елшісі В.Х.Ғизатов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, құттықтау сөзін оқып берді. Бұл Еуропа қазақтары үшін үлкен абырой болды. Құрылтайға Еуропалық қазақтармен қатар Түркия мен Қазақстаннан да қазақтар қатысты.

Әбдіуақап Қара: Еуропа қазақтары әр құрылтайды сағына күтеді. ІІІ бөлім

Түркия қазақтарының көш бастаған жетекшілерінен Дәлелхан Жаналтай ақсақал, Ыстанбұл Зейтінбұрын аудан әкімінің қазақ орынбасары сондай-ақ Қазақ мәдени қорының төрағасы Иляс Сака, Ыстанбұлдағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы діни білім қорының өкілі Ибраһім Мұтлы, Шығыс Түркістан Босқындар Қоғамының бас хатшысы Ахмет Түркөз, Түркиялық қазақ журналист Ертұғрұл Ербаш және Қабілек Софы, Мұхаммеди Қылыш іспетті ақсақалдар бар еді.

Әбдіуақап Қара: Еуропа қазақтары әр құрылтайды сағына күтеді. ІІІ бөлім

Құрметті қонақ болып Монголияның Будапешттекі қазақ текті елшісі Тәуке Сұлтанұлы, Монголияның Баян-Өлгей Қазақ Өлкелік Халық Кеңесі Президиумының төрағасы Арғын Сайлау мырзалар да құрылтай жұмысына қатысты. Құрылтайға Дүниежүзілік Қазақтар Қауымдастығының Төрағасы Бірінші орынбасары Қалдарбек Найманбаев зор үлес қосты. Ол Қазақстаннан беделді ғалымдар мен өнерпаздарын бастап келді. Атап айтқанда, сол кездегі  Қазақстан Мәдениет министрінің көмекшісі, сондай-ақ Мадениет Комитетінін төрағасы Бекболат Тілеухан, Халықаралық "Қазақ Тілі" қоғамы төрағасының бірінші орынбасары Өмірзақ Айтбаев, "Мектеп Баспасының" директоры Ерлан Сатыбалдиев, ЕРКЕ-НҰР атындағы қазақ ұлттық киім фирмасының бас директоры Талғат Мамыров мырзалар құрылтайға үлкен үлес қосты.

- Ал, Еуропа қазақ қоғамдары федерациясы қашан және қалай құрылды? 

Ол 2003 жылы Швеция елінің қазақтар көптеп шоғырланған Весторас қаласында іске асты. Бұл идея Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасының  І орынбасары Қалдарбек Найманбаевтан келді. 2002 жылы Түркістандағы дүниежүзі қазақ құрылтайын ұйымдастыру барысында Еуропадағы көптеген қоғамдармен байланыста қиыншылыққа душар болған ағамызға осы қоғамдардың бір шаңырақ астында бірігуінің жақсы болатыны жайы толғандырса керек.

Әбдіуақап Қара: Еуропа қазақтары әр құрылтайды сағына күтеді. ІІІ бөлім

Сондықтан Найманбаев Весторас қаласындағы құрылтайда Еуропадағы 10 қазақ қоғамының жұмыстарын бір ізге түсіріп жүйелі жұмыс жүргізу барысында “Еуропа қазақ қоғамдары федерациясын” құруды ұсынады. Оның бұл ұсынысы құрылтайда бір ауыздан мақұлданып федерацисаның төрағалығына Кельн қазақ қоғамының төрағасы Әбдірахман Шетін сайланады. Сөйтіп Еуропа қазақтарының құрылтайлары бір федерация шаңырағы астында содан бері жұмыс жүргізіп келеді.

Аға, бізге Еуропа қазақтарының құрылтайлары жөнінде құнды мәліметтер бердіңіз. Енді соңғы сұрақ ретінде Шетін ақсақалдан басқа, кімдер осы федерацияға төраға болып сайланып қызмет атқарды? Осы туралы мәлімет берсеңіз.

- Әбдірахман Шетін ағамыз үш жылдан кейін, атап айтқанда 2006 жылы қызметінен шегінді. Оның орнына Париж қазақ қоғамы төрағасы Мехмет Зенгин, ал 2008 жылы болса Абдулқайым Кесіжі сайланды. Содан бері ол осы қызметін жалғастырып келеді. Осы жерде атап өту керек, Еуропа қазақ қоғамдары федерациясы төрағалығына сайланған азаматтар Қазақстанда өтетін дүниежүзілік қазақ құрылтайларында Дүниежүзілік Қазақтар Қауымдастығының төралқа мүшелігіне де сайлануда. 1992 жылы Алматыда өткен тұңғыш құрылтайда төралқа мүшелігіне Түркиялық қазақтардың жетекшілерінен Дәлелхан Жаналтай ақсақал сайланған еді. Ал 2002 жылы 25 қазанда Түркістанда өткен ІІ- құрылтайда Дәлелхан Жаналтайдың орнына Еуропа қазақ  қоғамдары федерациясы төрағасы Әбдірахман Шетін, 2011 жылы Шетіннің орнына Абдулқайым Кесіжі сайланды.

Әңгімеңізге рахмет, Әбдіуақап аға, ниет оң болсын, жақсылықта жүздесуге жазсын.

Ел Тұтқа

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға