Жаңалықтар

Әбдіуақап ҚАРА: «Мәңгілік ел болу үшін – алдымен ұлттық тарихты жақсы білуіміз керек»

Қазақ хандығының 55 жылдығына арналған салтанатты жиындағы ғалымдардың лебізі
17.09.2015 09:46 5227

Әбдіуақап ҚАРА, ғалым, жазушы, тарих ғылымдарының докторы, Мимар Синан атындағы Ыстамбұл университетінің профессоры

Әбдіуақап ҚАРА: «Мәңгілік ел болу үшін – алдымен ұлттық тарихты жақсы білуіміз керек»

Қазақ хандығы қазіргі кезде тілге жеңіл айтылғанымен, өз заманында айтулы мемлекеттердің бірі болғаны аян. Өйткені қарап отырсақ, 1465 жылы іргесі қаланған ел Кенесарының туы жығылған 1847 жылдарға дейін 4 ғасырға жуық өмір сүрген мемлекет болып есептеледі. Әлем мемлекеттерінің тарихына қарап отырсақ, мұндай уақытқа дейін ғұмыр кешкен мемлекеттер некен-саяқ. Дүркіреп тұрған Совет Одағы дейміз, мұның өзі 70 жылға дейін әрең шыдады. Мұны салыстырмалы түрде алатын болсақ, Совет одағы өмір сүрген уақыттан 4-5 есе артық, ұзақ уақыт өмір сүрген Қазақ хандығының іргелі мемлекет екенін шамалай беріңіз. Біз осындай мемлекеттің ұрпағы ретінде қалай мақтансақ та жарасады. Егер біз өзімізді Алтын Орда империясының заңды мұрагері ретінде есептесек, онда біздің мемлекетіміздің тарихы тереңге кетеді, ежелгі сақ, ғұн, түркі империяларын қосып есептегенде 2500 жылдық тарихымыз бар қуатты, іргелі ел болғанымызды айқындаймыз.

Қазақ хандығының 550 жылдығында той тойлау мұрат емес, сонымен бірге ойлау да болып жатыр. Қазақ хандығының жетістіктері, кемшіліктері, сол кезеңде орын алған оқиғалар мен тағдырлы тұлғалар жайлы, мемлекеттің әлем тарихында алар орны туралы да алыс-жақыннан келген ғалымдармен бірлесіп, талқылап жатырмыз. Өйткені, біз өз тарихымызды өзіміз бағаламасақ, әлем елдеріне танытпасақ, онда біздің елдігіміз қайда?! Мықты ел болу үшін, мәңгілік ел болу үшін ең алдымен ұлттық тарихы жақсы білуіміз керек.

Қайрат САҚ, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті  Журналистика және саясаттану факультетінің деканы, алаштанушы

Әбдіуақап ҚАРА: «Мәңгілік ел болу үшін – алдымен ұлттық тарихты жақсы білуіміз керек»

Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау арқылы – өз арамызда ғана емес, әлем елдерінің арасында қазақ жұртының тарихы тереңде екенін мойындаттық. Осыған дейін олар кешегі 300 жылдық отарлық жүйенің кесірінен біздің дербес ел екенімізді білмеді, танымады, тек қана тәуелсіздіктің іргетасымен байланыстырып жүрді. Ал, шын мәнінде біздің мемлекеттігіміз арыда. Қазақ хандығының құрылуы арғы тарихта біздің қазақ атауымен аталғанын дәлелдейді. Ал оның тарихы одан да әрі, демек қазақ мемлекеті тарихының 550 жылдығы дегенді тойлап жатырмыз. Бұл нені білдіреді? Біздің үлкен, ұлы ел екенімізді, мемлекет екенімізді дәлелдейді. Сол себепті бұл мерекенің тарихи санамызды жаңғыртуға, мемлекетіміздің мәртебесін өсіруде орыны айрықша. Бұл үлкен тарихи мерекеге арнайы келген, қазақтың тарихын зерттеп жүрген шетелдік ғалымдардың әрбір ілімі біз үшін құнды. Бұл мереке ортақ мереке. Қазақ елі мәңгілік елге айналу үшін ең бірінші тарихи санамызды жаңғыртуымыз керек және тарихи сана арқылы ұрпақтарды тәрбиелеу керек. Ол үшін тарихымызды толық зерттеп, түгендеуіміз керек, ұрпақтың санасына тарихты сіңіруіміз керек.Сонда ғана мәңгілік елге айналамыз.

 

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға