Байырғы Үйсін ұлысы – мемлекеттер құрылған сатыдағы ел
Р. А. Мирзадинов, Х. Алпысбаев, В. В. Зайберт, Б. В. Грязнов, т. б. ғалымдар мен “Мəссаған” сықылды сайттардағы рефараттарға құлақ түрсек мына ақиқаттарға көзіміз жетеді.
Жоғарыда айтқан едік. Адамзат қоғамының ту арғы кезеңіндегі түп-тұқияндық топ “алғашқы қауым” деп аталады. Бұл қысқа да нұсқа атау өте ертедегі адамдар тобының ерекшеліктерін жəне олардың жануарлардан нағыз адамға өту кезеңіндегі күйлерін білдіреді. Бұл алғашқы қауымдық саты - 2 миллиондай жылға созылған ең ұзақ кезең. Сосынғы туыстық қауым 10-12 мың жыл бұрын басталып, ойкумендердің негізгі бөлігі үшін 5-8 мың жыл бұрын аяқталса, ішінара топтарда əліге дейін жалғасуда. “Алғашқы қауымдық кезең - қалыптасу кезеңі, ал алғашқы қауымдастық туыстық қауым - кемелдену кезеңі болса, таптардың түзілу кезеңі - алғашқы қауымдық құрылымның ыдырау кезеңі болды”. “Туыстық қауымның ерте қауымдардан айырмашылығы - қалыптасқан адамзат қоғамы болуы. Бұл қоғамда алғашқы қауымдағы ұжымшылдық бастамалары мен адамдар арасындағы тығыз қатынастар жоғары дəрежеде дамыды, оның үстіне этнографиялық аналогиялар негізінде байқалғандай, туыстық қатынастар экономикалық қатынастар ретінде, ал экономикалық қатынастар – туыстық қатынастар ретінде қалыптасты” .
Ертедегі Қытай жəне Рим философтарына белгілі болған көне тарихтың үш дəуірге (тас, қола жəне темір) бөлінуінің ғылыми негізі Х1Х ғасыр мен ХХ ғасырдың басында жасалды. Біз соларға қысқаша аялдай кетейік.
Тас дəуірі үшке бөлінеді:
А. Палеолит. Мұның əуелгі кезеңінің өзі үшке айрылады: Олдувай (бұдан2, 6 млн. -700 мың жыл бұрын), ашель (700 мың -150-120 мың жыл бұрын) жəне мустьер (150-120 мың -31-30 мың жыл бұрын) дəуірлері деп... Бұл даладан тас құралдарының (шапқылар, қырғыштар, үшкір тастар, пышақтар...) талайы табылды. Мысалы ең ежелгі еңбек құралдары - Қаратаудан табылған ауыр салмақты, тік бұрышты, ұсақ шақпақ тастар. Енді Ашель уақытының ескерткіштеріне Орталық Қазақстандағы Құдайкөл, Жаман айбат, Обалысаймен Батыс Қазақстандағы (Маңғыстаудағы) Шақпақата, Сарытас тұрақтары мысал болады. Ашельдік кезеңнің тас құралдары (шапқылар, ауыр тассынықтар, нуклевстар) Бөріқазған мен Тəңірқазған деген жерден табылып отыр.
Бұл өңірден төменгі палеолитке тəн “малта тас мəдениеті” де табылды. Мустье кезіндегі (Оңтүстік Қазақстандағы Ш. Уəлиханов атындағы) тұрақтан жылқы сықылдыларды аулауға пайдаланатын жаңа тас өңдеу өнері де табылды.
Соңғы палеолит кезеңі аяқталатын б. з. б. 40-35 мың жылдықтарға келгенде адам дар жер бетінің барлық аймағына тарады. Экзогамиялық (аналық) рулар пайда болды. Дүниетанымы мен өнері өсе түсті (мысалы, бақиға сенді, жануар- лар суреттерін жартасқа сала алатын болды). Бұған Шығыс Қазақстандағы Қанай, Шүлбі тұрақтарынан мысал бар. Ал бұл таулы өлке ШҰАР-да тіпті көп.
Ə. Мезолит. Мезолит (орта тас) кезеңінде садақ пен жебе пайда болды. Тұрақтар (мысалы Қарағандыдағы Əлімбек, Маңғыстаудағы Қызылсу, Іле атырабы, т.б.) өзен-көлдерге жақын орналасты. Б. Неолит. Неолит - жаңа тас кезеңінде (б.з.б. 7 мыңжылдықтан б. з. б. 2 мың жылдықтың басына шейінгіде), тас өңдеу (тегістеу, бұрғылау, ) өнері өсті. Өндіретін (малшылық жəне егіншілік, қыш құмырашылық жəне тоқымашылық, от жағу, пісіру, т.б.) шаруашылық пайда болды. Жылқы, т. б. үй малдарын ұстады.