Жаңалықтар

Байқоңырда 3 күннен кейін ресейлік зымыран ұшырылады

Байқоңырда 3 күннен кейін ресейлік зымыран ұшырылады
Фото: roscosmos.ru 20.08.2023 18:58 1199

Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағында үшінші рет зымыран ұшыру күні жарияланды. Ғарыш сапарына үш күн қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл жолы ұшыруға «Прогресс МС-24» жүк кемесі бар «Союз-2.1а» ғарыштық зымыранын (РКН) дайындап жатыр. Таңертең РКН монтаждау-сынау кешенінен шығарылды және теміржол арқылы №31 ұшыру алаңына жеткізілді.

Ұшыру кешенінде зымыранды тік күйге орнатқаннан кейін «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы кәсіпорындарының мамандары оны ұшыруға дайындау жұмыстарын жалғастырды. Бірнеше тәулік ішінде зымыран тасығыш, жерүсті жабдықтарына тексеру жүргізілетін болады.

«Прогресс МС-24» жүк кемесін «Союз-2.1а» зымыран тасығышымен ұшыру 23 тамызда Астана уақыты бойынша 7 сағат 8 минутта жоспарланған.

Ғарыштық жүк көлігі ХҒС-қа станцияның жұмысын қолдау және экипаждардың тіршілігін қамтамасыз ету үшін шамамен 2,5 тонна жүк жеткізеді.

Бұл Байқоңырдан үш айлық үзілістен кейінгі алғашқы ұшырылым болмақ. Қазақстандық ғарыш айлағынан бұған дейінгі ұшыру 24 мамырда «Прогресс МС-23» жүк кемесі халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) аттанған кезде жүзеге асырылған.

Бүгінде Халықаралық ғарыш станциясында 69-шы ұзақ мерзімді экспедиция экипажы жұмыс істеп жатыр. Оның құрамында Роскосмос ғарышкерлері Сергей Прокопьев (ХҒС-69 командирі), Дмитрий Петелин және Андрей Федяев, сондай-ақ NASA астронавттары Франциско Рубио, Стивен Боуэн, Уоррен Хобург және БАӘ астронавты Сұлтан аль-Нейади бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға