Жаңалықтар

Байланыс қызметтерінің бағасы жыл соңына дейін өзгеріссіз қалады

Байланыс қызметтерінің бағасы жыл соңына дейін өзгеріссіз қалады
Фото: El.kz 07.12.2024 13:12 429

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму министрлігі байланыс операторларымен талқылау нәтижесінде байланыс қызметтерінің қолданыстағы тарифтерін 2024 жылдың соңына дейін сақтап қалу туралы келісімге келгенін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрліктің бұл бастамасы азаматтар мен бизнеске қолдау көрсетуге бағытталған, себебі байланыс құнының тұрақтылығы цифрлық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ететін маңызды шарттардың бірі болып табылады. Байланыс операторлары мемлекет бастамасына қолдау көрсетіп, экономикалық қиындықтарға қарамастан, қолданыстағы тарифтерді сақтап қалуға дайын екендіктерін білдірді.

Байланыс – күнделікті өмірдің, жұмыстың және оқудың негізі. Байланыс қызметтерінің тарифтерін тұрақты деңгейде сақтау – азаматтардың мүдделерін қорғауға және әлеуметтік маңызды бастамаларды қолдауға деген ұстанымымыздың айқын дәлелі, – деп атап өтті министрлікте.

Министрлік міндеттемелердің орындалуын қадағалауды жалғастырып, елдің телекоммуникациялық инфрақұрылымын одан әрі дамыту бойынша шаралар қабылдайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға