Жаңалықтар

Байден Ақ үйдегі кездесу кезінде Сунактың лауазымын шатастырды

Байден Ақ үйдегі кездесу кезінде Сунактың лауазымын шатастырды
Фото: ©AP/Manuel Balce CENETA 10.06.2023 07:24 741

АҚШ президенті Джо Байден Вашингтондағы екі көшбасшының кездесуінде Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунакты «президент мырза» деп атады. Бұл туралы Daily Express-ке сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Басылым тілшісі Джон Кинг АҚШ көшбасшысының мұнысы ұят болғанын жазады. Дегенмен Байден қатесін бірден түсініп, «Риши Сунактың лауазымын көтерген түрім» деп ақталды.

Ақ үйдегі кездесу барысында Сунакқа қарама-қарсы отырған 80 жастағы Байден: «президент мырза... президент мырза? Мен сіздің лауазымыңызы көтеріп тастадым ғой», - деді.

Politico басылымы британ премьер-министрі Байден қателігін түсінген соң, жай ғана күлімсірегенін, өзара кездесу жайлы өткенін жазады.

Ұлыбритания мен АҚШ басшыларының келіссөздері бір сағаттан астам уақытқа созылды, оның ішінде 40 минут бойы екеуара сөйлескен. Кездесуден кейін Байден Ұлыбритания мен АҚШ арасындағы «ерекше қарым-қатынас» тұрақты екенін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға