Жаңалықтар

Баянауылда шұңқырға түсіп кеткен автобусты іздеу жұмыстары жалғасып жатыр

Баянауылда шұңқырға түсіп кеткен автобусты іздеу жұмыстары жалғасып жатыр
Фото: pavlodarnews.kz 06.01.2024 19:49 1199

Өткен тәулікте опырылған жердің түбіне техниканы түсіру үшін өткел дайындау басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Майқайың-алтын» АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Кеше жедел штаб мамандандырылған техниканы опырылған жерге түсіру үшін шамамен 120-130 метр тереңдікке траншея қазу туралы шешім қабылдады. Бұл жұмыстарға үш экскаватор, екі тиегіш, екі бульдозер жұмылдырылды, – деді облыс әкімі Асайын Байханов Іnstagram парақшасында.

Жұмыстар тәулік бойы, үздіксіз жүргізілуде. Бес мың текше метрге жуық топырақ пен тау жыныстары қазылып, шығарылды.

Іздеу жұмыстарына барлығы 134 адам, 37 техника, үш кинологиялық есеп және екі дрон жұмылдырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға