Жаңалықтар

Баянауыл – нулы да сулы мекен

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің гидрологиясы қандай? Баянауыл өлкесінде қандай бұлақ, өзен мен көлдер бар?
16.06.2015 08:54 14577

Гидрографиялық торабы Баянауыл тауларының солтүстік–шығыс, солтүстік-батыс беткейлерінен, солтүстігінде Ақбет тауларынан, батысында – Аққарағай, Шибет, Өгелең, оңүстігінде – Нияз тауынан ағып жатқан  көлдермен және көптеген өзендермен көрсетілген. Су жиналымының таулы бөлігінде бұлақтар бастауын реттейтін және кіші су ағындарының басында тұрақты беткейлік ағынды ұстап тұратын бұлақтар мен сарқыншалар күйінде жарықтық сулар шығып жатады. Баянауыл ұлттық паркі аумағында 9 көл бар.

 Баянауыл – нулы да сулы мекен

Сабындыкөл көлі – Баянауыл ауданында, Ақбет пен Нияз тауларын екіге бөлген орында орналасқан. Су жиналым ауданы жалпы 35,9 км2, су бетінің айдыны 7,4 км2. Көл қазаншұңқыры Баянауыл тауларында орналасқан. Суқойманың қазаншығы ретінде ендік тектоникалық жарылыспен жасалған қазаншұңқыр болып табылады. Ағаш өсімдік түрлері су жиналым ауданының 75% алып жатыр, шамамен 4-5% батпаққа айналған. Көл жоспар бойынша қисық алмұрт тәрізді пішінге ие және жағалау сызығы қаттты тілімденген. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағалауларының ені 5-10 м және кей жерлері ірі жартасты тау беткейлерінен құралған. Көлдің ең терең жері 9,5 м. Көлдің суы тұщы, су құрамы гидрокорбонатты натрийлі. Судың температурасы 2,8 ден 19,3 ˚С жетеді.

 Баянауыл – нулы да сулы мекен  

Жасыбай көлі – Ақбет пен Өгелең шыңдары арасындағы жазық тәрізді терең өткелде орналасқан. Су беті айдыны 3,7 км2, су жиналым көлемі 31,7км2. Орманмен жабылуы 90%. Көл пішіні алмұрт іспеттес. Көлдің оңтүстік-батыс бөлігінде жартасты арал орналасқан (100-300м). Жағалауларын көбінде гранитоидтармен қалыптасқан тік және эрозиялық тораппен қатты тілімденген тау беткейлері құрайды. Кей жерлерде биіктігі 2,4м жайпақ жаға орналасқан. Жағалау жағажайы жіңішке келген (10-30м), құмды. Түбі тегіс, құмды әр жерде тас кесектері бар. Максималды тереңдігі 14 м, көп жерінде 9-10м. Көл суы тұщы, амиак іздері табылған.

Баянауыл – нулы да сулы мекен 

Торайғыр көлі – Баянауыл тауларының солтүстік жағалауында орналасқан. Су жиналымының жалпы ауданы 2,9км2, ал су бетінің айдыны – 1,9км2. Су жиналымы таулы және шоқылы бөлікке анық бөлініп жатыр; алғашқысы оңтүстікте орналасқан (Баянауыл мемлекеттік ұлтық парк аумағында), екіншісі солтүстікте (парк аумағынан тыс жерде). Таулы суайрық бөлігінде абсолютті белгілер 800-1027м жетеді (Ақбет тауы).

Баянауыл – нулы да сулы мекен

Су жиналымының таулы, неғұрлым активті бөлігі тік, көбінесе жартасты беткейлі жерлер аралас ормандармен, ал етектерінде тілімденген өскіндер мен шіліктері бар. Алқаптың солтүстік шоқылы еніп кеткен бөлігінің тереңдігі 15-50м болатын таяз логтармен бөлшектенген. Ормандар мен бұталар 35% алып жатыр. Су қойманың қазаншығын тектоникалық түзілісті суға толы терең беткейлі ойыс құрайды. Көлдің су беті өсімдіктерден бос. Көлдің оңтүстік-батыс бөлігнде мөлшері 80х250 және 30х8 м тең болатын екі жартасты арал орналасқан. Көлдің максималды тереңдігі 11 м, көп жерінде – 6м. Көл суы біраз тұзды, құрамы гидрокарбонатты-хлорлы натрилі.

Біржанкөл көлі – Баянауылға 24 шақырым қпшықтықта жатыр. Жаманаула мекенінен солтүстікке қарай орналасқан. Көлдің суы ағынсыз. Солтүстік батыстан оған ұзындығы 10 км, құяр жерінде ені 510 м сайға ие. Көл суының қөректену жер үсті және жер асты суларының үлесінен жүреді. Көлдің қазаншығы дөңгелек пішінге ие және су жиналымының солтүстік бөлігінде орналасқан. Көл 25% өскіндермен көмкерілген. Айыртас, Қазқонған, Қойтас таулары мен шоқылар беткейлерімен қоршалған. Оңтүстігі мен солтүстігінде беткейлері тік, каранитоидтардан құралған, батысы мен шығысы тегіс, ірі кесекті құмдардан құралған. Көлге баратын жол жан-жағында бар десе болады. Судың түбі тегіс. Максималды тереңдігі 4,5-5,0м, басым жерде – 4м. Көлдің суы тұщы.

  Баянауыл – нулы да сулы мекен 

Сарықамыс көлі – ағынсыз, Жасыбай көлінен батысқа қарай 11,5 қашықтықта Баянауыл тауларының солтүстік-батыс беткейінде орналасқан. Көлдің ұзындығы 500м, ені 100 ден 250м. Жағалаулары тегіс және балшықты, саз, шөгінді және ұсақ жұмыр тас құрамдас. Жағалаулары кей жерлерде қамыспен жабылған. Көлдің өзі шөп өсімдіктеріне бай емес. Көлдің тереңдігі 1,5 м. Көлден оңтүстікке қарай Баянауыл таулары жатыр,  солтүсктікке қарай шатқалды шоқылар орын тепкен. Шатқалдарының биіктігі 50 м жетеді.

 Баянауыл – нулы да сулы мекен

Құмдыкөл көлі – Біржанкөл ауылынан 5км қашықтықта жатыр. Көлдің ұзындығы 500 м шамасында, ені 100-150 м ден 400 м. Шатқалдарының биіктігі солтүстік-батысқа қарай 70 м жетеді. Көл қазаншұңқыры алмұрт тәрізді пішінге ие. Көл тереңдігі 1,5 м жетеді. Баянауыл тауларынан солтүстікке қарай ұлттық парк аумағы көлемінде тағы да басқа көл тізбектері бар. Бірақ олар өте ұсақ және жаз мезгілінде толық кеуіп қалады. Көлдердегі мұздың орнауы көбінде қазанның аяғында кейде қарашада бақыланады. Көлдер наурыздың соңында ери бастап, сәуірдің аяғында немесе мамырдың басында мұздан толық босайды.

Ұлттық парк аумағында 20 шақты бұлақтар мен уақытша су ағындары бар. Ең ірілері: Шетеспе, Кенді, Телеубұлақ (Малдыбұлақ), Рыбный ключ, және Баянауыл тауларының шығыс беткейіндегі Жасыбай көлінің батысында орналасқан бірқатар атаусыз бұлақтар.

 Баянауыл – нулы да сулы мекен

Шетеспе өзені - (Еспе) Баянауыл тауларының оңтүстік-батыс беткейінде ағын түзген өзен. Малайка шатқалында жер асты суларының арқасында екі бұлақ түрінде тұзды тартылуға таяу Комбобсор көліне келіп құяды. Өзеннің ұзындығы 33 км.

Кенді өзені – Ащысу өзенінің саласы. Бастауын Баянауыл тауларының батыс және солтүстік-батысынан алып жатыр. Арнасының ұзындығы шамалы иректелген, ені 4-6 м.

Рыбный ключ (Шорманның сазы) бұлағы – Сабындыкөл көлінің негізгі сукөзі болып табылады. Бұлақ алабы Сабындыкөл су жиналымының 60% құрайды.  Бұлақ суы тұщы. Құрамында гидрокарбонатты кальцийі бар.

 

Әзірлеген Бақытгүл АБАЙҚЫЗЫ

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға