Баян Есентаеваның өмірлік ұстанымдары
06.06.2017 09:31
13438
Қазақстандағы ең танымал продюсерлердің бірі Баян Есентаева артық таныстыруды қажет етпейді. El.kz редакциясы Баян Мақсатқызының осы күнге дейін берген сұхбаттарын сүзгіден өткізіп, қанатты сөздерін назарларыңызға ұсынады.
- Мен жеті жыл бойы журналист болып қызмет еттім.
- Кино әлеміне бір рет бас сұққан адам өмір бойы түсіру алаңын аңсап тұрады.
- Қартаймаудың бірден-бір құпиясы – әйелдің ішкі жан дүниесінің сергектігіне байланысты. Мысалы, мен өзімді өз жасымнан әлдеқайда жас сезінемін. Ешкімге жамандық ойламаймын, көреалмаушылық пен өзге арам пиғылдан адамын әрі үнемі күліп жүремін. Тамақтың пайдалысын тұтынамын, суды көп ішемін.
- Біздің елде сүйісуге, бір-біріміздің қолымыздан ұстауға болмайды. Біздің елде балалар желден немесе шынайы сөзден пайда болады. Балалар үйіне барсаңыздар, топырлап жүрген қазақ балаларын көресіздер. Шындық осы.
- Маған Еуропа немесе Америкаға барып, жайлы мекен іздеп қажеті жоқ. Туған елімде тұрғаннан артық бақыт жоқ. Жұмыс жасаймын деген адамға елімізде жағдай жасалып жатқаны үшін Елбасымызға алғысымызды айтуымыз керек.
- Мені қуантатыны қазақ қыздарының көкірегі ояу, жаны таза. Мінез бар, жігер бар, тектілік бар.
- Мен ұзақ уақыт тегін жұмыс істедім.
- Егер өмірімді өзгертуге мүмкіндік болса, еңбек жолымның басында Англия немесе Америкаға кетіп қалар едім.Ол жақта терең білім алуға мүмкіндік бар.
- Мен өнердің қай-қайсысын болмасын өте жоғары бағалаймын. Өнер, ең алдымен үлкен еңбек. Ал еңбекті құрметтеу керек.
- Ең алдымен адам өз ісіне ғашық болуы керек. Мен кез келген істі үлкен ынтамен жасауға тырысамын. Жүрдім - бардым атқарылған шаруа бірден көзге көрініп тұрады.
- Instagram және Twitter әлеуметтік желісіне тіркелген уақытта, Қазақстан бойынша ең көп жазылушысы бар адамға айналамын деп ойлаған жоқпын. Таныстарым кеңес берген соң тіркеле салдым.
- Мен қазақ басылымдарын жиі оқимын, дауыстап оқимын. Осылайша тіл үйренуге тырысып жүрмін.
- Менің қазақшам жүз пайыз болмаса да, болмысым жүз пайыз қазаққа тиесілі дер едім.
- Мен ез емеспін. Дер кезінде шешім қабылдай білемін.
- Талап пен талпыныс болса, уақыт та сенің пайдаңа жұмыс істейді.
- Екі қызым да қазақ мектебінде оқиды.
- «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дейді ғой, менің ұстанымым осы.
- Бүгінде неліктен жұрт танымайтын, тіпті өзінің не сөйлеп жатқанын түсінбейтін жүргізушілер көп? Өйткені оларда негіз жоқ.
- Мен бала кезден-ақ айтқанымнан қайтпайтын бірбеткей болдым. Көптің бірі болмай, ерекшеленіп жүргенді қалайды екенмін. Бұл қасиет атамның қанымен, анамның сүтімен дарыған, сірә.
- Бір мамандықты игердің бе, әрі қарай қозғалу қажет.
- Өмірде анадан асыл не бар?! Әйел әлемге өмір сыйлайды. Демек, әйелдер қандай да болмасын марапат пен құрметке лайық.
- Мен не істеу керек екенін сеземін. Бұл менің жан-дүниемнің сенімділігі. Мұны ешқандай институтта үйретпейді.
- Армандаңыздар, арман адастырмайды, олар міндетті түрде орындалады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ішімде бір журналист тұншығып жатады
Келесі жаңалық
Павлодарда танысын пышақтаған азамат сотталды