Жаңалықтар

Баян Мақсатқызы зорлық көрген әйелдер мен балаларға орталық ашып жатыр

Баян Мақсатқызы зорлық көрген әйелдер мен балаларға орталық ашып жатыр
Фото: Видеодан кадр 26.03.2024 18:17 658

Танымал продюсер, актриса Баян Мақсатқызы зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер мен балаларға арналған оңалту орталығын ашып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер мен балаларға арналған оңалту орталығын ашатынымды көптен бері айтып жүрмін. Орталық дайын! Жақында жұмысын бастайды. Қоғамды зорлыққа қарсылық көрсетуге жетелеу үшін барлық күш-жігерді жұмсау керек. Біз құтқаруға емес, бақытты отбасыға орталық ашуымыз керек. Орталық үлкен, жарқын, жайлы, жүзге жуық әйелді қабылдауға дайын. Бізде жетекші мамандар, яғни ең жақсы психологтар, заңгерлер, медицина қызметкерлері, тәрбиешілер, оқытушылар жұмыс істейді. Барлық әйелді қалай құтқаруға болады? Білмеймін, бұл мүмкін емес шығар. Бұл мәселеге қатысты қоғамның ойы мен көзқарасын өзгертуге болады. Зорлық-зомбылыққа жол жоқ.

Айта кетейік, Баян Мақсатқызын бұрынғы күйеуі пышақтап, денсаулығына зақым келтірген еді. Ол әйелдерге бала үшін де, басқа үшін де күйеудің қорлығына шыдауға болмайтынын үнемі ескертіп жатады.

Еркектің айтқаны дұрыс» дейтін қоғам ешқашан түзелмейді. 90 пайызын ерлер құрайтын Парламентте ешқашан әйелдерге қатысты әділдік болмайды. Біз патриархалдық қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Оның мағынасын бәріңіз білесіздер: «Еркектікі – дұрыс, әйелдікі – қате». Мен түсірген соңғы фильмдегі эпизод – көптеген отбасының жанайқайы. Кешіру, шыдау, бәрі өзгеретініне сену – аңыз. Қоғамды кезіп жүрген сұмдық оқиға – сөзіміздің дәлелі. Өзгермеңіз, өзіңізді сақтаңыз. Ешбір тиран адам сенің өміріңді қорламауы керек. Балаларың үшін де, басқалардың пікірі үшін де шыдауға міндетті емессің. Өміріңнің күл-талқанын шығаратын еркектен қашыңыз! – деп жазған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға