Жаңалықтар

Баян Алагөзова Снуп Догқа қазақтың шапанын жапты

Баян Алагөзова Снуп Догқа қазақтың шапанын жапты
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy 11.05.2024 02:22 1153

Танымал отандық продюсер, актриса әрі бизнесвумен Баян Алагөзова 10 мамыр күні әлеуметтік желідегі оқырмандарымен қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алагөзова Instagram парақшасында американдық танымал рэпер Снуп Дог қазақстандық КешYOU тобымен бірлескен бейнебаян түсіргенін мәлімдеді. 

Негізі бәрін жасыра тұрып, кейіннен жарияға жары салып хабарлағымыз келген, бірақ Снуп Дог біз үшін жариялап қойыпты! Снупи, аңызсың ғой! Құрметті оқырмандарым, Снупқа жүрекшелер жіберуіңізді өтінемін. Әлем біздің КешYOU қыздарын тануы тиіс, олар шынымен де керемет, – деп жазды Баян Алагөзова.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Bayan Alaguzova (@bayanmaxatkyzy)

Қазақстандық продюсер рэпермен түскен суретін жариялады. Суретте Снуп Догтың қазақ шапанын киіп алғанын көруге болады. Алагөзова бұл отандық дизайнер Аида Кауменованың жұмысы екенін алға тартты.

Аидочка, қымбатты менің құрбым, Снупке сенің шапаның мен бас киімің қатты ұнады, ол біздің алдағы уақытта шығатын видеоға соларды киіп түсті, - деді продюсер.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от snoopdogg (@snoopdogg)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға