Жаңалықтар

Баян Алагөзова кішкентай қызын қырқынан шығарды

Баян Алагөзова кішкентай қызын қырқынан шығарды
Фото: instagram/bayanmaxatkyzy 29.09.2024 12:27 82

Танымал продюсер Баян Алагөзова кіші қызын қырқынан шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Продюсер Баян және оның жары Тұрсын Алагөзовтар Алма есімді қызын қырқынан шығару рәсімін тойлады. Бұл туралы Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында бейне жариялады. Бейнеде келген қонақтар медициналық бетперде киіп отырғанын байқауға болады.

«Бақытты іздеудің қажеті жоқ. Бақыт біздің ішімізде, оны тек бөліскенде бақытты бола түсесің, Бүгін бақытты күн», — деп жазды Баян Алагөзова Instagram желісіндегі парақшасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға