Жаңалықтар

Байғазиннің фильміне түскіңіз келе ме?

Кастинг
09.12.2016 07:17 5421

Байғазиннің фильміне түскіңіз келе ме?

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы режиссер Эмир Байғазиннің «Өзен» атты жаңа фильміне басты рөлге кастинг жариялайды.  Кастингке қазақ тілінде еркін сөйлейтін 12-14 жас аралығындағы ұл балалар шақырылады.

Қойылатын талаптар: 

– Ол ұзын бойлы, арықша келген, қара шашты, сабырлы, жауапты және өзіне сенімді болуы керек. Спортпен шұғылданатын, жүзе алатын ұл бала. Психотипі – өзінен кішілерді қорғай білетін үйдің тұңғышы, үлкен өмірге қадам басып келе жатқан жеткіншек. 

Бала туралы қысқаша мәліметті (аты-жөні, бойы, ата-анасының телефоны) және оның суретін «Басты рөлге» деген тақырыппен kinoreka@mail.ru электронды поштасына жіберу керек.

Талаптарға сай келген балалар кинопробаға шақырылады. «Өзен» фильмі – жасөспірімдер өмірін баяндайтын трилогияның жалғасы. 

Байғазиннің фильміне түскіңіз келе ме?

Эмир Байғазин – өзінің дебюті Берлин халықаралық кинофестиваліне қатысқан алғашқы қазақстандық режиссер. Ол түсірген трилогияның алғашқы бөлімі – «Асланның сабақтары» осыдан үш жыл бұрын Берлинде таныстырылып, «Күміс аю» сыйлығы мен «Моргенпост» газетінің жүлдесін жеңіп алған болатын. Ал, трилогияның екінші бөлімі – «Жаралы періште» биыл ақпан айында Берлинде алғаш рет көрермен назарына ұсынылды. Ол қазірдің өзінде Сараевода өткен ХХ халықаралық кинофестивальде «Work in Progress» арнайы бағдарламасының басты сыйлығын жеңіп, Кошицада өткен «Art Film Fest» халықаралық фестивалінің «Ең үздік режиссер» аталымында жеңіске жетті. Сонымен қатар, туынды Тайвань және Оклендте өткен кинофестивальдардың халықаралық байқау бағдарламасында бақ сынады.  


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға