Жаңалықтар

Бауыржан Мусин түнгі уақытта тергеу изоляторында не істеп жүр? ІІМ жауап берді

Бауыржан Мусин түнгі уақытта тергеу изоляторында не істеп жүр? ІІМ жауап берді
Фото: titus.kz 17.04.2024 13:40 1081

Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Бауыржан Мусиннің түнгі уақытта тергеу изоляторында экс-министр Қуандық Бишімбаевпен кездескеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осы факті бойынша қазір Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнің қауіпсіздік департаменті тексеру жүргізіп жатыр. Оның нәтижесін айтамыз, - деді Лепеха Мәжіліс кулуарында.

ІІМ вице-министрі тексеру жүргізіліп, бейнекамералар қаралатынын айтты.

Егер факті анықталса, онда қорытынды шығарамыз, - деп қысқа жауап берді ол.

Айта кетейік, әйелін аса қатегездікпен өлтірді деп айып тағылған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында екінші айыпталушы Бақытжан Байжанов тергеу изоляторына Бауыржан Мусин бірнеше рет келгенін айтқан еді. Сөзінше, ол Бишімбаевпен кездескен және Байжановты Нүкенованың туыстарына қарсы үгіттеген. 


Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Бауыржан Мусин 2018 жылы пара алған деген айыппен 7 жылға сотталған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға