Бауыржан Оспановтың өмірлік ұстанымдары
10.04.2017 17:45
41594
Біздің бүгінгі кейіпкеріміз қарапайым ауылдан шығып-ақ табыс көзін табуға болатынын дәлелдеген белгілі меценат, спорт жанашыры, Қазақстандағы үздік 50 кәсіпкердің қатарына енген Бауыржан Оспанов.
- Өзім өмірімде аузыма арақ та, сыра да, шампан да алып көрмеген адаммын. Темекіге де еш әуестігім болмапты. Осы өмір салтын әлі күнге дейін ұстанып келемін. Ауылға барған сайын спортқа икемді, білімге құштар балалардың көптігін байқайтынмын. Олардың ынта-жігеріне қарап, салауатты өмір салтын тек жастар жағы емес, үлкендер де ұстану керек деген ойға келдім.
- Ауылдағы дүкен иелері мен кәсіпкерлерге қосымша қаржы ұсынып, арақ-шарап өнімдерін сатпау туралы ұсыныс тастадық. Міне, бірнеше жылдан бері Жыланды ауылында алкогольді ішімдік сатылмайды. Тегіс ауыл бас тартты.
- Ата-анамыз бізді қолда барды бөлісуге үйретті. Оның үстіне, ауылдықтардан осындай қайырымдылық пен қарапайымдылықты көріп өстік. Бар нәрсені бөлісіп, халыққа көмектескеннен келер зиян жоқ. Мысалы, маған өз қажеттіліктерімді, өз отбасымның қажеттілігін өтеу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы керек. Ал қалғанын халықтың игілігіне жұмсағанды дұрыс санаймын. "Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін, батыр болсаң жауыңа найзаң тисін" дейді қазақ. Менің барлық қадамымды осы бір ауыз сөзбен түсіндіруге болады.
- Маған да ақша аспаннан жауған жоқ. Барлығы да еңбектің арқасы. Менің нағашы атам: Қазақта кедей жоқ, жалқаулар бар деп айтып кеткен екен. Міне, бізді кері тартатын нәрселердің бірі - жалқаулық. Осы әдеттен арылып, еңбектенген адамның түбінде табысқа кенелері анық.
- Табысты болудың басты құпиясы - білім мен еңбектің ұштасуы.
- Мен жүздеген миллион долларға яхта сатып алған емеспін. Маған мұндай салтанаттан гөрі өзім қолдап жіберген спортшылардың жүлде алып, оқушылардың пәндік олимпиадалардан жеңіспен оралғаны дұрыс.
- Жалпы қай салада болса да қателіктер, кемшіліктер болмай қоймайды. «Жұмыс істемей тек жатқан адам ғана қателеспейді» дейді ғой.
- Мен бизнесті жиырма жасымда бастадым. Қазір тәжирбем мол, бірақ маған бизнесті қайтадан бастайсың ба десе, мен бастамас едім. Кәсіпкерліктің жолы өте қиын.
- Мен тамағымды жай инжинер болып та табамын. Қазір жастар да ақымақ емес қой, бизнес жасау қиын екенін біледі. Сондықтан барып шенеунік болайын дейді.
- Адам ретінде қалыптасу мен үшін маңызды.
- Мен қай салада болсын бастаған ісімді аяқсыз қалдырған емеспін.
- Мен адамды екіге бөліп қараймын. Біреу берсем десе, біреуі ала берсем дейді.
- Істелмей жатқан дүниені көрсем, ешкімге айтпай өзім істегенді жақсы көремін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Серік Тұрғынбекұлының балалық шағы
Келесі жаңалық
Қазақ мәдениетін шетелде таныту: табыстар мен жетістіктер