Жаңалықтар

Батыс Қазақстанда су тасқыны кезінде 7 мыңнан астам тұрғын көшірілді

Батыс Қазақстанда су тасқыны кезінде 7 мыңнан астам тұрғын көшірілді
Фото: ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі 07.04.2024 15:00 673

БҚО-да 7039 адам  қауіпсіз жерге көшірілді. Оның ішінде 3538 бала бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

1-сәуірден бастап су тасқынына байланысты БҚО-да төтенше жағдай жарияланған болатын. Қазір қауіп әлі сейілмеді. Бүгінгі күні су тасқынының алдын алу және авариялық жұмыстары өз жалғасын табуда. Қазіргі күнге облыс бойынша 7039 адам эвакуацияланды, оның 3538-і - балалар. Облыс бойынша 161 эвакуациялық пункт жұмыс жасап жатыр. Онда мыңнан астам адам орналасқан. Қалғандары туысқандарында орналасты. Бұл туралы БҚО ТЖД Ақпараттық-аналитикалық тобының аға инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Нұржан Төлеуіш ОКҚ алаңында хабарлады.

Облыс бойынша көлік қатынасынсыз 10 елді мекен қалып отыр. Бірақ бұл 10 елді мекендерде азық-түлік қоры қамтылған. Жалпы миллион текше метр су еріген. Осы күнге дейін 200 мыңнан астам қапшық құм төселген. Олардың барлығына 1900-ден астам жеке құрам, 365 бірлік теxника,76 мотопомпа жұмылдырылды.

Сонымен қатар бізге Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінен көмек, Алматы облысы, Ұзынағаштан әскери бөлім қызметкерлері келіп көмектескен болатын. Қазіргі таңда Орал қаласы бойынша 10 пост дайындалған. Жайық, Деркөл өзендерінің су көлемі күнделікті бақылауда. Жайық, Шаған, Деркөл өзендерінің су деңгейі қазіргі таңда Жайық 689 см құрап отыр. Ең қауіпті мөлшері 850 см болып есептеледі. Мониторинг арқасында Жайық өзенінің көтеріліп жатқанын байқаймыз. Осыған байланысты осы Жайық өзенінің жағажайында орналасқан массивтерінен адамдарды алдын ала эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр. Тұрғын үйлерді аралау, құлақтандыру жұмыстары жүріп жатыр, - деді спикер.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға