Батыс Қазақстанда 465 дана киік мүйізі тәркіленді

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
07.03.2023 14:42
1448
38 жастағы Ақжайық ауданы Чапаево ауылының тұрғыны киік мүйізінің ірі партиясын шаруашылық құрылыста жасырған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 339-бабы 1-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Дәлелдемелік базаны бекіту және ұсталған адамның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру бойынша тергеу және жедел іс-шаралар кешені жүргізіледі.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Astana Hub IT-стартаптарының 20%-ын әйелдер басқарады
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысындағы ауданда мектеп пен балабақша жөнделді