Жаңалықтар

Батыс Қазақстанда 2 мыңнан астам ақбөкен мүйізі тәркіленді

Батыс Қазақстанда 2 мыңнан астам ақбөкен мүйізі тәркіленді
Фото: polisia.kz 01.03.2023 18:37 1488

Батыс Қазақстан облысында "Браконьер" жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында ақбөкен дериваттарының заңсыз айналымымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тінту барысында ақбөкеннің екі мыңнан астам мүйізі табылып, тәркіленді. ҚР ҚК 339-1-бабында көзделген “Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу” қылмыс жасады деген күдік бойынша 5 адам Орал қаласы ПБ-не жеткізілді.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға