Жаңалықтар

Батыс Қазақстанда 12 мыңнан астам адамды сумен қамтитын су қоймасы салынады

Батыс Қазақстанда 12 мыңнан астам адамды сумен қамтитын су қоймасы салынады
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі 14.08.2024 09:23 306

БҚО-да 28 млн текше метр су жинайтын Жалпақтал су қоймасын салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Қазсушар» филиалы директорының міндетін атқарушы Рауан Құсайыновтың айтуынша, бұл 12 мыңнан астам адамды сумен қамтамасыз етуге және лиманды суару алаңын 12 мың гектарға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ал ол мал шаруашылығына қажет жем-шөп өнімділігін арттырады.

Биыл «Қазсушар» филиалы Батыс Қазақстан облысында 146 мың га лиман мен табиғи жайылымды суаруға 562 млн текше метр су жіберді.

Бүгінгі таңда мекеме тұтынушылармен су беру туралы 210 келісімшарт жасады, оның 197-і жергілікті шаруалар. Ауыл шаруашылығының қажеттіліктері үшін кәсіпорын 15,8 млн текше метр, ал санитарлық-экологиялық іс–шараларға 22,9 млн текше метр су жіберді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға