Батыс Қазақстан тұрғыны қардан полиция көлігінің мүсінін жасады

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
22.02.2023 21:16
1683
Достық ауылының тұрғыны Надирдің айтуынша, ол ешқашан полицияда қызмет етпеген және тек тәртіп сақшыларына құрмет көрсету үшін қызметтік көлік мүсінін жасауға ой туындаған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
– Мен өзім заңға бағынатын азаматпын, полиция қызметкерлеріне үлкен құрметпен қараймын және барлық азаматтарды құрмет көрсетуге шақырамын. Полиция қызметкерлерінің жұмысы өте күрделі және қауіпті, бұл адамдар біздің қауіпсіздігімізді сақтайды, – деді Надир Қуанаев.
Айта кету керек, бұл оның алғашқы мүсіні емес, өткен жылы Орал ақ мешітінің көшірмесін және жарыс машинасының мүсінін қардан жасап шыққан.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Түркия елшісі Қазақстан халқы мен Үкіметіне алғыс айтты
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысындағы ауданда мектеп пен балабақша жөнделді