Жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында 90 тұрғын үй салынып жатыр

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында 90 тұрғын үй салынып жатыр
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 02.07.2024 09:03 491

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі су тасқынының зардаптарын жою мақсатында жұмысты жеделдету бойынша белсенді шаралар қабылдауда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қаратөбе ауданының Қоржын ауылында 90 үйдің құрылысы жүргізілуде.  Жұмыстарды тамыз айында аяқтау жоспарланған. Құрылыс барысын gov.kz порталы арқылы онлайн бақылауға болады. Сонымен қатар, 13 тұрғын үйде қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары аяқталды.

ҚР ӨҚМ Ахуалдық орталығының мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында 4 286 нысанға техникалық зерттеу жүргізілген. Нәтижелері бойынша келесі шаралар жоспарланған:

- 775 тұрғын үй салу;

- 1 988 тұрғын үй сатып алу, оның ішінде 745 алынған;

- 1 527 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу, оның ішінде 922 үйде жұмыстар аяқталды.

Батыс Қазақстан облысында 1,8 мыңға жуық жұмысшы және 300-ден астам арнайы техника жұмылдырылғанын айта кеткен жөн.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға