Жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында "Жайық орманы" резерваты құрылады

Батыс Қазақстан облысында "Жайық орманы" резерваты құрылады
Фото: ©El.kz 06.05.2023 21:22 1262

Елімізде жалпы ауданы 29,3 млн. га құрайтын 161 ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (ЕҚТА) жүйесі бар, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Оның ішінде заңды мәртебеге ие ЕҚТА аумағы 7,9 млн гектарды құрайды. Бұл өздеріңізге белгілі 14 ұлттық табиғи парк, 10 қорық, 7 резерват аумағы. 2022 жылы ұлттық парктерге келушілер саны 2 млн асты, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 25%-ға көп.

Қазіргі таңда ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға кіру үшін төленетін ақының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін ұлттық парктердің бақылау-өткізу пункттерін автоматтандыру жұмыстары жүргізілуде.

Мәселен, «Көлсай көлдері» ұлттық паркі өз қаражаты есебінен «Көлсай» бақылау-өткізу пунктін автоматтандырды. Бұдан басқа, ұлттық парктегі туристік ағымды мониторингтеу мақсатында және ЕҚТА-ға баруды алдын ала жоспарлау үшін жаңа сайт әзірленді. Аталған жұмыстың қорытындысы бойынша осы тәсілді барлық ұлттық парктерге масштабтау мүмкіндігі қарастырылуда.

2022 жылы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы бақылау-инспекциялық қызмет шеңберінде 2992 рейд жүргізіліп, 44 құқық бұзушы қылмыстық, 655 адам әкімшілік жауапкершіліке тартылды және оларға 640 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Ерекше қоғалатын табиғи аумақтарда экологиялық жауапкершілікті арттыру мақсатында Қылмыстық және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерге өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, заңсыз шөп шабу мен мал жаю, орманды қалдықтармен ластау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу тәртібін бұзу бойынша айыппұл мөлшерлері ұлғайтылды. Салық кодексіне ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға кіруі үшін төленетін ақыны автокөліктерден алу мүмкіндігін көздейтін тиісті өзгерістер еңгізілді.

Айта кету керек, елімізде жаңа ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрумен қатар, оның территорияларын кеңейту жұмыстары жүргізілуде – алдағы уақытта Үстірт қорығының аумағын 600 гектарға ұлғайту жоспарда бар. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысында "Жайық орманы" резерваты құрылмақ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға