Жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай режимі жарияланды

Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай режимі жарияланды
Фото: БҚО әкімдігі 02.04.2024 11:40 733

Батыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарынан төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тиісті шешімге өңір әкімі Нариман Төреғалиев қол қойды.

Аталған шешімге сәйкес БҚО әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалды.

Айта кетейік, өңірде су тасқынына байланысты күрделі жағдай қалыптасқан. Облыстың Сырым, Теректі, Қаратөбе, Бөрлі аудандарында тұрғын үйлер су астында қалды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 4 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның жартысы балалар. Облыс көлемінде су тасқынынан зардап шеккендер үшін жедел-эвакуациялық пункттер ұйымдастырылып, қажетті жағдайлар жасалуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға