Жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында құтқарушылар тобы күшейтіледi

Батыс Қазақстан облысында құтқарушылар тобы күшейтіледi
Фото: Видеодан кадр 13.04.2024 08:30 549

Өңірде су тасқыны салдарын жоюдың белсенді кезеңі жүріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облысқа ҚР ТЖ министрі Шыңғыс Арынов барды. Қазіргі уақытта құтқарушылар Жайық өзенінің бойындағы бөгеттерді нығайту бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде.

Айта кетейік, астаналықтар БҚО-ға гуманитарлық көмек жіберді. ТЖМ қолдауымен Астана қаласының еріктілері мен азаматтары БҚО тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетті.

Жүк ЖАО және жергілікті жерлерде тарату және зардап шеккен халыққа беру үшін гуманитарлық көмек жинау жөніндегі штабтарға жеткізілетін болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға