Жаңалықтар

Батыс Қазақстанда бір күнде жол апатынан екі адам қаза тапты

Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Батыс Қазақстанда бір күнде жол апатынан екі адам қаза тапты
Фото: БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі 01.09.2022 21:06 1322

Батыс Қазақстан облысында бір күнде жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, екі жол-көлік оқиғасы 31 тамыз күні болды.

Бірінші оқиға Тасқала ауданы аумағында, шамамен таңғы сағат 06.00-де Озинки-Орал автожолының 10-шақырымында орын алды.

1988 жылғы жүргізуші «Форд Вьюжен» автокөлігінің руліне ие бола алмай, 40 жастағы ер адамды қағып кетті.

Ер адам өз автокөлігінің жанында, жолдың қарсы бетінде тұрған. Ол алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды.

Екінші оқиға сол күні шамамен сағат 07.55-те Самара-Шымкент жолының 446-шақырымында Сырым ауданы аумағында болды.

1976 жылғы жүргізуші «Daewoo Matiz» автокөлігінің руліне ие бола алмай, аударылып қалған. Соның салдарынан жүргізуші оқиға орнында мерт болды.

Оған қоса түрлі жарақат алған 1984 жылғы әйел мен 2011 жылғы ер бала Сырым аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.

«Қазіргі кезде аталған деректер бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция департаменті жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол ережесін қатаң сақтау керектігін еске салады. Автокөлік қозғалысы кезінде міндетті түрде қауіпсіздік белдігін қолдану қажет», - деп хабарлады ведомстводан.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, 1984 жылғы әйел ауыр жарақат алмаған, амбулаторлық ем алуға жолданды.

11 жасар бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасына ауыстырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға