Жаңалықтар

Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры тағайындалды

Әсет Қалиев "Ерен еңбегі үшін", "Денсаулық сақтау үздігі" медальдарінің иегері.
Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры тағайындалды
Фото: gov.kz 07.09.2022 15:15 1685

Коммерциялық емес акционерлік қоғамдардың басқарма төрағалары-ректорлары лауазымдарына кандидаттарды айқындау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен және ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Әсет Қалиев "Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті" КЕАҚ-нің Басқарма төрағасы - ректоры болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz министрлікке сілтеме жасап.

Әсет Қалиев Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын "дәрігер-хирург" мамандығы бойынша бітірген. 1997 жылы жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін еңбек жолын Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясының госпитальдық хирургия кафедрасының клиникалық ординаторы болып бастады. Одан кейін Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясының аспирантурасында оқыды. Қазір медицина ғылымдарының докторы.

Осы жылдар бойы дәрігер-хирург, Ақтөбе қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасының бөлім меңгерушісі, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің хирургия кафедрасының ассистенті болып жұмыс істеді.

2008-2014 жылдары Ақтөбе облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының бас маманы (бас хирург), бөлім басшысы, басшының орынбасары қызметтерін атқарды.
2014 жылдан 2020 жылға дейін Ақтөбе облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
2020 жылдың шілдесінен қыркүйегіне дейін Жамбыл облысы әкімінің Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарды.
2020 жылдың қыркүйегінен бастап тағайындалғанға дейін Жамбыл облысының Денсаулық сақтау басқармасын басқарды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға