Батыр Жүкембаев әлемнің үздік боксшысымен спарринг өткізді
Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (20-1) Теренс Кроуфордпен (39-0) спарринг өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Жүкембаев Кроуфордпен түскен суретін жариялады.
Үздік болу үшін үздіктермен жаттығу керек. Теренс Кроуфорд — #1 P4P. Бүгін тағы бір жақсы спарринг болды. Ол алдағы жекпе-жекте Эррол Спенсті нокаутқа жіберуге тырысатынын айтты. Сіз бұл айқас туралы не ойлайсыз? – деп жазды Батыр.
Теренс Кроуфорд пен Эррол Спенс арасындағы жартылай орта салмақта абсолютті чемпион атағы үшін талас 29 шілде күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді (АҚШ, Невада штаты).
Жүкембаев бұған дейін шаршы алаңға 24 желтоқсанда Алматыда шықты. Ол оңтүстік африкалық Ксолани Мкотхелиді техникалық нокаутпен ұтты.