Жаңалықтар

«Батылдық пен төзімділік керек». Криминалдық полицияның бір күні

«Батылдық пен төзімділік керек». Криминалдық полицияның бір күні
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 15.06.2023 17:30 3716

Мұрат Әбшекенов - Астана қаласы Есіл ауданы ПБ Криминалдық полиция бөлімінің бастығы. Сонымен қатар, спортшы. Келесі апта, яғни 23 маусым – Қазақстан Республикасының полиция күні. Бұл атаулы мереке қарсаңында күштік құрылым қызметкерлеріне барып, криминалдық полиция бөлімінің бір күндік жұмысымен таныстық.

Мұрат Саматұлының жұмыс күні таңғы 7:00-де басталады. Таңмен таласа жұмысқа келіп, ертемен қызметіне кіріспес бұрын, алдымен ішкі тыныштықты тексеріп алады. Оның айтуынша, «ерте тұрған еркектің ырысы артық».

«Батылдық пен төзімділік керек». Криминалдық полицияның бір күні

«Батылдық пен төзімділік керек». Криминалдық полицияның бір күні

Оның жұмыс күні кезекші жедел уәкілдің берген есебін қабылдаумен басталады. Кезекші қызметкер Есіл ауданы бойынша, түнгі уақытта орын алған оқиғалар мен қылмыстарды баяндап береді. Одан кейін, Мұрат Саматұлы аналитика жасап, оқиғаға байланысты қызметкерлерге арнайы тапсырмалар жүктейді.

«Батылдық пен төзімділік керек». Криминалдық полицияның бір күні

«Батылдық пен төзімділік керек». Криминалдық полицияның бір күні

Біздің қызметте ең алдымен темірдей тәртіп керек. Тәртіп бар жерде тыныштық та, тыйанақтылық та, әділеттілік те болады. Бауыржан Момышұлы ататамыз айтқандай, «тәртіпке бағынбаған құл болмайды».  Бұл мамандықтың қызығы мен қиыншылығы қатар жүреді, - деді Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы.

 

«Батылдық пен төзімділік керек». Криминалдық полицияның бір күні

«Батылдық пен төзімділік керек». Криминалдық полицияның бір күні

Тәртіпті қатаң қадағалайтын полиция қызметкерлерінің тірлігі қашанда қарбаласқа толы, үнемі қауырт жүреді. Жұмыс барысында жедел хабарлама келіп, тапсырмалардың асқан жылдамдықпен, ұқыптылықпен орындалатын кезеңдері жиі болады. Кезекші жедел уәкілдің баяндамасынан кейін, криминалдық полиция бөлімінің басшы құрамының жиналысы өтеді. Мұнда, Есіл ауданында орын алған қылмыстарды болдырмау және алдын-алу жоспары талқыланып, әр бөлімге тапсырмалар беріледі.

«Батылдық пен төзімділік керек». Криминалдық полицияның бір күні

 

«Батылдық пен төзімділік керек». Криминалдық полицияның бір күні

 

Есіл ауданында жиі орын алатын қылмыс – интернет-алаяқтық. Одан бөлек, көлік ұрлығы, сауда үйлеріндегі ұрлық, алаяқтықпен есеп-шоттан ақша түсіру секілді заң бұзушылықтар да жиі тіркеледі. Жалпы, қылмыстың ауыр-жеңілі жоқ ғой. Қоғамдық тәртіпті, қоғамдағы тыныштықты сақтау бұл - біздің міндетіміз, қызметіміз. Ең бастысы – адам бойында ісіне деген адалдық, батылдық пен төзімділік болуы керек, - деді Мұрат Саматұлы.

 

«Батылдық пен төзімділік керек». Криминалдық полицияның бір күні

«Батылдық пен төзімділік керек». Криминалдық полицияның бір күні

«Батылдық пен төзімділік керек». Криминалдық полицияның бір күні

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға