Жаңалықтар

«Басына операция сәтті жасалды»: адвокат Ербаян Мұхтардың жағдайы туралы айтты

«Басына операция сәтті жасалды»: адвокат Ербаян Мұхтардың жағдайы туралы айтты
Фото: Instagram/inga_imanbay 18.01.2025 21:35 183

Әскерде жарақат алған Ербаян Мұхтардың отбасына адвокат болған Инга Иманбай әлеуметтік желідегі парақшасында Ербаянның денсаулығына қатысты соңғы жаңалықтарды бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Адвокаттың сөзіне қарағанда, емдеу процесі оң нәтижелер беріп жатыр әрі дәрігерлердің болжамы жақсы.

Емдеу нәтижелері: басына операция сәтті жасалды; инфекция толық жойылды; катетерлер мен мұрын зонды алынып тасталды; Ербаян салмақ қосып, робот көмегімен қимылдай бастады; аздап өздігінен тамақ іше бастады. Қазіргі уақытта Ербаянның емі Ыстамбұлда жалғасып жатыр. Дәрігерлер толық оңалуға уақыт қажет екенін айтады, — деп жазды адвокат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға