Жаңалықтар

«Басын сервантқа салып қойған». Үш баласын өлтірген әйел туралы тың дерек шықты

«Басын сервантқа салып қойған». Үш баласын өлтірген әйел туралы тың дерек шықты
Фото: Красноярск өлкесі және Хакасия Республикасы бойынша тергеу комитеті 16.04.2025 13:23 968

Канск қаласындағы әйел үш баласын ерекше қатыгездікпен өлтіргенін мойындады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Краснояр өлкесінің Канск қаласында үш кішкентай баласын аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған әйел өз кінәсін толық мойындады.

Тергеу барысында белгілі болғандай, 7 айлық сәбиін әйел балта көмегімен өлтіріп, басын серванқа қойып қойған.

Сот отырысы кезінде судья сәби басының не үшін сервантқа қойылғанын сұрағанымен, айыпталушы еш жауап бермеген. Құқық қорғау органдары балалардың мәйіттері әртүрлі орындардан табылғанын мәлімдеді: үлкен ұлы – көшеден, қалған екі бала – жазғы бөлмеден табылған.

15 сәуір күні орталық аудандық сотта өткен отырыста айыпталушыға ресми түрде қылмыстық айып тағылды. Судья Надежда Бобринева: «15 сәуірде оған аса ауыр қылмыс жасағаны үшін айып тағылды. Ол өз кінәсін толық мойындады», – деп мәлімдеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға