Басты қарсыластарым өзбек қыздары болып тұр – Надежда Дубовкикая
Қазақ жеңіл атлетикасында әр дәуірде өз мықтысы болған. Мысалы, 90-жылдардың аяғы 2000 жылдардың басында Ольга Шишигина, одан кейін Дмитрий Карповтың жұлдызы жанды.
Сосын 10 жылдан астам уақыт Ольга Рыпакованың әр қадамын андып отырдық. Қазір буын алмасу процесі жүріп жатыр. Солардың арасында ерекше үміт күттіретіні биіктікке секіруші – Надежда Дубовицкая. 25 жастағы семейлік қыз осымен екіші Азия ойындарына аттанды. Бес жыл бұрын Джакартада қола медаль алған, бұл жолы алтынға қол соза ала ма? Бұл жайлы өзінен сұрап білдік.
Бұл жолы Азия ойындарына Кристина Овчинникова екеуіміз бірге аттандық. Мұның пайдасы бар. Бір мемлекеттен бір дисциплинада бірнеше спортшы болғаны жақсы ғой, - дейді спортшы.
Ол 2018 жылы Джакартада 1,84 метрге секіріп үшінші орын алған. Ол кезде өзбек қыздары алдын ораған. Атап айтсақ, Светлана Раздивил (1,96 метр) мен Надя Дусанова (1,94) өзара бір мен екінші орынды бөліскен.
Сафина Садуллаева келетінін білемін. Сосын Светлана Раздивил да қатысып қалады деп жатыр. Ол екеуі келсе, негізгі бәсекелестеріміз солар болмақ. Чемпион болу үшін кемі 1,90 метр болуы тиіс. Шама келсе одан жоғары секіру қажет. Соңына дейін таласамыз. Ел қоржына алтын жүлде салу үшін аянып қалмаймын, - Надежда Дубовицкая.
Айта кетейік, Қытайда 23 қыркүйектен 8 қазанға дейін ХІХ Азия ойындары өтеді.
Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.