Бастад турнирі: Юлия Путинцева ширек финалға өтті

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
13.07.2023 06:04
848
Қазақстандық Юлия Путинцева Бастад (Швеция) турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлемнің 56-ыншы, осы жарыстың 2-ракеткасы Ю.Путинцева екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 125-орында тұрған америкалық Кэти Волынецпен кездесті.
Бірінші партияда қазақстандық теннисші бірде-бір гейм бермеді - 6:0.
Екінші сетте есеп 1:0 болған мезетте қарсыласы бәсекені жалғастырудан бас тартты.
Жарты ғасырдан астам уақытқа созылған матчта Ю.Путинцева 3 брейкпен көзге түсті.
Юлия Путинцева жартылай финалға шығу үшін әлемнің 118-ракеткасы, испаниялық Алена Большова немесе рейтингте 858-сатыдағы словениялық Полона Херцохтың біреуімен таласады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Жамбылда алты айда 120-дан астам жол апаты орын алған
Келесі жаңалық
Алдағы аптада спортшыларымыз қандай жарыстарда бақ сынайды