Бассейнде суға батқан жасөспірімді құтқарған ҚАЖД бастығы “Айбын” орденімен марапатталды
Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
12.05.2024 23:50
563
Қызылорда облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы “Айбын” орденімен марапатталды, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Шаймерден Есенкелдиев Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі “Айбын” орденіне ие болды.
Еске салсақ, ҚАЖД бастығы бассейн түбінде жасөспірімнің жатқанын байқап, бірден суға секіріп, баланы алып шыққан болатын. Жедел жәрдем келем дегенше оған жасанды тыныс алу жаттығуларын жасап, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Дер кезінде көмек көрсетуінің арқасында ес-түссіз жатқан жасөспірім бала аман қалды.
Шаймерден Есенкелдиев 2020 жылдан бері ҚАЖ департаментінің бастығы қызметін атқарып келеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Астана" мен "Қайсар" тең түсті