Жаңалықтар

«Басқа ағымдағы азаматтар». Әкім Ясауи кесенесін кімдер жармақшы болғанын айтты

«Басқа ағымдағы азаматтар». Әкім Ясауи кесенесін кімдер жармақшы болғанын айтты
Фото: © ОКҚ 29.11.2023 15:00 1085

Қыркүйек айында лаңкестер Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қолдан жасалған жарылғыш құрылғымен жармақ болды деген ақпарат тараған еді. Облыс Дархан Сатыбалды Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте кесене арнайы күзет қызметінің бақылауына өтетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық қауіпсіздік қызметі Ясауи кесенесін әлдебіреулер жарып жібермекші болғаны туралы ресми хабар таратқан еді. Содан бері нысанның қауіпсіздігін жетілдірдіңіздер ме? Кесенеге қауіп төнгенін облыстың қауіпсіздік органдары білмей қалған ба? Кесенені жару кімге, не үшін керек болды деп ойлайсыз? Қазір ол нысанға ондай қауіп төніп тұрмағанына қандай да бір кепілдік бере аласыз ба? – деп сұрады тілшілердің бірі.

Дархан Сатыбалды мұны ұйымдастырған жат ағымның өкілдері деп отыр.

Кепілдікті ешқашан, ешкім бере алмайды. Кім, не ойлап жүргенін ешкім білмейді ғой?! Ондай оқиға ақпан айында болды. Оны өзім де БАҚ арқылы білдім. Тәжікстанның ба, басқа елдің азаматы сондай іс-қимыл жасағысы келген деп естідім. Енді олар басқа ағымдағы азаматтар шығар. Оның көзқарасын, неге ондай шешімге келгенін білмеймін. Кейбіреулер «серік қосу, тағы басқа нәрселер» дейді. Оның не үшін барғанын айта алмаймын, – деді әкім.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға