Жаңалықтар

Баспанасы бүлінген отбасылар есепке алынады - депутат

Баспанасы бүлінген отбасылар есепке алынады - депутат
Фото: t.me/AMANATPartiyasy 31.03.2024 22:16 580

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Жарқынбек Амантайұлы Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылына барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Су тасқыны кезінде аталған елді мекен қатты зардап шегіп, ондаған үй су астында қалды. Бұған қоса жолдарды су шайып, кей жерлерде тілсіз жаудың деңгейі жарты метрге жетті.

Кеше Мемлекет басшысы шұғыл кеңес өткізіп, бірқатар нақты тапсырма берді. Құтқару қызметтері тәулік бойы жұмыс істеуде. Баспанасы бүлінген отбасылар есепке алынып, материалдық өтемақы төленеді, – деді Жарқынбек Амантайұлы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға