"Баспана және Умра": Маскадағы жігіт тағы бір адамға көмектесті

Маскадағы бейтаныс азамат 36 жастағы Әділжанға күтпеген қуаныш сыйлады. Ол оған жаңа баспана алып беріп қана қоймай, емделу шығындарын өтеп, қасиетті Умраға баруға мүмкіндік жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бірінші топтағы мүгедек Әділжан тағдырдың ауыр сынағына қарамастан, өз ісін бастап, мешіт маңында сауда жасауды армандайды. Бұрын өзін ешкімге керек емеспін деп ойлаған ол бүгінде өмірдің мәнін тереңірек түсінгенін айтады.
Өзімді бұрынғыдай керексіз сезінбеймін. Қазір ризашылықпен өмір сүріп келемін. Бұл өмірге бекер келмеген шығармын. Сенім болса, барлық сынақтан сүрінбей өтуге болады, – дейді ол.
Маска киген бейтаныс азамат Әділжанның арманын орындауға көмектесетінін айтты.
Сіз емделуге барасыз, Умраға жол тартасыз, өзіңіздің жеке дүкеніңіз болады және баспанаға ие болдыңыз, – деді ол.
