Жаңалықтар

Баспа ісіндегі стандарттар

Халықаралық кітаптарды стандартты нөмірмен тіркеу
29.02.2016 07:07 6981

Баспа ісіндегі стандарттар

Халықаралық кітаптарды стандартты нөмірмен тіркеу – дүниежүзінде шығатын кітаптарды өзіне тән ғана кодпен тіркеп, нөмірлеу. Бұл системаны кітап жүйесіне енгізу осы агенттік ISBN-ге енген мемлекеттерде кітаптар туралы информацияны автоматтандырудың, электрондық жүйелермен информация беруді іске асырудың бірден-бір жүйесі. ISBN системасында 10 цифр көрсетіледі: ISBN 9965-06-169-6. Бірінші ISBN аббревнотурасынан кейін тұратын цифр 9965 – бұл мүше елдің идентификаторы. Екінші цифр 06 – баспа идентификаторы. Үшінші цифр 169 – бұл кітаптың реттік идентификаторы. Төртінші цифр – бақылау цифры, яғни кітапта ISBN дұрыс жазылы тұр ма жоқ па соны тексеру.

ISBN-сіз кез келген кітап еркін сату айналымына түсе алмайды. Әрине, аз таралыммен шығарылған кітаптарға ол нөмірді алмай-ақ қоюға болады, бірақ бұл нөмірсіз сату қиынға түседі. Өйткені көптеген дүкендерге кітапты базаға осы нөмір арқылы енгізеді, ал ISBN-сіз кітап енгізілмейді. Сонымен қатар шығарма үшін авторлық құқықты дәлелдейтін тағы да бір кепілдеме болып табылады. Кітапты ISBN жүйесіне енгізгеннен кейін ол туралы әлемдегі кез келген баспалар біле алады.

Басылымда сандық кодтың болуы:

  • Локальді кодтардан бас тартуға;
  • Кітаппен қатар жүретін құжаттардың санын қысқартады, баспагерлер мен полиграфистер, кітап таратушылар мен кітапханашылардың қарым-қатнасын жеңілдетуге;
  • Басылым туралы мәліметтерді ISSN арқылы ұлттық және халықаралық деңгейде іздеуге мүмкіндік береді. Сәйкестендірудің стандартты сандық коды ретінде ISSN компьютерде қолдануға оңай, іздеу мен ақпарат таратуға өте ыңғайлы болып келеді.

ISSN – сериялық (мерзімді) басылымдарды халықаралық стандартты номермен (ISO:3297) тіркейтін автоматтандырылған жүйе. Бұл халықаралық код – барлық сериялық басылымдарды басылымның еліне, тіліне, әріпіне, шыққан, түскен уақытына қарамастан басылымды танып-білуге, іздеп табуға көмектесетін бірден-бір құрал болып табылады.

ISSN нөмірі мен штрих-кодтар – библиографиялық тізім мен ұлттық баспа өнімдерінің статистикасын жүргізу кезінде өте қажетті элементтер. Бұл нөмірлер библиографиялық сипаттаманың  негізі. Бұл кодтар жүз жылдан аса уақыт тауарды бақылау мен баспа-кітап сату саласында библиографияның жүйесінде табысты қолданылып келеді.

Барлық мерзімді, жалғасты басылымдар, басылымның түріне қарамастан (қандай нұсқасы болса да) ISO:3297 – стандартының негізінде жасалған ГОСТ 7.56-2002 халықаралық мерзімді басылымдарды стандартты номермен тіркеу ГОСТ бойынша Кітап палатасынан тіркеуден өтуі тиісті. Осылайша басылымдар тіркеуден өткен соң штрих-кодқа ие болады. Стандарт бойынша баспасөз өнімдерінен талап етілетін шығу мәліметтеріңіз міндетті элементтің бірі болып есептеледі. Халықаралық тіркеуден өткен, ISSN номері бар басылымдар халықаралық деңгейде бәсекелестікке қабілетті болады. Бұл басылымдардың халықаралық деңгейде беделі көтеріледі, халықаралық деңгейде оны тез тауып ала алады, ғалымдар мен зерттеушілер кітапханалардан табуы жеңілдене түседі, сонымен бірге сауда саласында тасымалдауда, қысқасын айтқанда, экономикалық жағынан да өте тиімді болады.

Мерзімді және жалғаспалы басылымдардың шығарылым мәліметтеріне мыналар жатады:

– Халықаралық сериалы басылымдардың стандарт нөмірі (ISSN);

– тақырыпқа дейінгі мәліметтер;

– басылымның тақырыбы, шығарылымның жеке тақырыбы;

– тақырыптан кейінгі мәліметтер;

– редактор, редакция алқасы, құрастырушылар және т.б. тұлғалар туралы мәліметтер;

– шығарылым мәліметтері;

– авторлық құқықты қорғау белгісі;

– шығу мәліметтері;

– штрих код.

ISSN-ді ГОСТ 7.56.бойынша көрсетеді.

Серия (астынсерия) туралы мәлімет - барлық шыққан серияларда біркелкі формада көрсетіледі. Серияның, астынғы серияның құрылған жылы ретінде осы серияның (астынсерияның) бірінші шыққан жылы көрсетіледі. Серияны құруға қатысқан тұлғалардың аты-жөні олардың жұмысының мінездемесіне сәйкес көрсетілуі тиіс, мысалы: «Серияның редакциялық алқасы», «Серияның бас редакторы» және т.б. Серияны құруға қатысқан тұлғалар мен оның құрылған жылы туралы мәліметтерді контртитулға немесе титул беттің екінші бетіне жазуға болады.

Әзірлеген Жазира Есенғалиева

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға