Жаңалықтар

Бәсекелестікті арттыру үшін «Қазақтелеком» АҚ еншісінен бір компания шығарылмақ

Бәсекелестікті арттыру үшін «Қазақтелеком» АҚ еншісінен бір компания шығарылмақ
Фото: © ОКҚ 11.08.2023 16:32 1251

Бәсекелестікті арттыру үшін «Қазақтелеком» АҚ еншісінен бір компанияны шығармақ. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз брифингте БАҚ өкілдері министрлік өкілдерінен жауап алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің телекоммуникация комитетінің төрағасы Ержан Мейрамов бүгінгі таңда «Қазақтелеком» АҚ еншісінде екі мобильді оператор (кселл, тele2) компаниясы барын тілге тиек етті. Сондай-ақ, «актив» байланыстың бренді екенін және ол «Кселл» АҚ кіретінін айтты.

Бұл өз кезегінде нарықтың 62 пайызы «Қазақтелеком» АҚ еншісінде деген сөз. Қалғаны «КаР-Тел» ЖШС тиесілі. Демек бәсекелестік мүлдем жоқ деген сөзғой деген тілшінің сауалына министрлік өкілі дүниежүзі бойынша әрбір мемлекетте мобильді нарық ол «олигополия» ретінде құрылады деді.

Олигополия дегеніміз нарықта тек қана екі-үш немесе төрт операторлар жұмыс істейді. Мемлекет радиожелілікті тарату және беру арқылы немесе аукцион жариялау арқылы жүзеге асырады. Бұл мобильді операторлардың негізі. Сол себепті бізде халықаралық тәжірибе бойынша нарықта үш оператор. Ал бәсекелестікті арттыру үшін «Қазақтелеком» АҚ қазіргі таңда «Кселлді» шығару бойынша инвесторлармен келіссөз жүргізіп жатыр. Нақты қандай инвесторлар екенін айта алмаймын. Бұл жабық ақпарат және ол «Самұрық-Қазына» АҚ құзыретіне кіреді. Келісімдерге қол жеткізген уақытта жариялайтын болады, – деді министрлік өкілі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға