Жаңалықтар

Бас санитар сайлау кезінде бетперде тағуды ұсынды

Айжан Есмағамбетова тұмау жүріп жатқанын айтты
Бас санитар сайлау кезінде бетперде тағуды ұсынды
Фото: El.kz 23.01.2023 16:13 1128

Бұл туралы ОСК кезекті отырысында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну кезеңінде коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу шарасы туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова баяндады.

«Республика деңгейінде коронавирустық инфекция бойынша жағдай тұрақты. Соңғы екі аптада төмендеу байқалады. Тәулігінде 120-ға дейін тіркелуде. Алдыңғы аптамен салыстырғанда, соңғы аптада сырқаттанушылық 1,7 есеге төмендеді. Барлық аймақтар жасылда тұр. Жеті өңірде көрсеткіш жоғары, осыған орай қаулыға сәйкес, адамдар көп жиналатын жерде бетперде тағу ұсынылады. Тұмаудың екі типі белең алуда», - деді ол.

Сол себепті, сайлау кезінде барлық шараларды сақтауға кеңес берді. Вирустың таралуын болдырмау үшін бетперде тағу ұсынылатынын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға