Жаңалықтар

Бас қала маңындағы елді мекендерді көркейту қажет - Президент

Бас қала маңындағы елді мекендерді көркейту қажет - Президент
Фото: t.me/aqorda_resmi 11.07.2023 13:59 777

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елорданы дамыту мәселелері жөнінде кеңесте айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет Астананың, Ақмола және Қарағанды облыстарының әкімдіктерімен бірлесіп, елорда агломерациясын дамытуды ойластыруы керек. Арнайы құжат қабылдау қажет. Онда тұрғындардың пікірі және қалаға қатысты мәселенің бәрі ескерілуге тиіс, - деді Президент.

Оқи отырыңыз:

Сондай-ақ Астананың, жақын маңдағы облыстардың әкімдіктері, мәслихаттары және қоғамдық кеңестері арасында өзара тиімді қатынас орнату маңызды екенін атап өтті.

Елорда және оның төңірегінде орналасқан елді мекендер біркелкі дамуы керек. Олардың арасында көп айырмашылық болмауға тиіс. Сол үшін нақты шаралар қабылдаған жөн. Бұл, әсіресе, әлеуметтік салаға қатысты мәселе. Бір сөзбен айтқанда, бас қала маңындағы елді мекендерді көркейту қажет. Олар өмір сүруге барынша қолайлы болуға тиіс, - деді Мемлекет басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға