Жаңалықтар

Бас прокурор өңірлердің криминологиялық паспорттарын әзірлеуді тапсырды

Бас прокурор өңірлердің криминологиялық паспорттарын әзірлеуді тапсырды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/DALL-E-3 28.03.2025 16:47 704

Бас прокурор Берік Асылов «Заң және Тәртіп» қағидатын іске асыру бойынша кеңес өткізіп, антибуллинг бағдарламаларының тиімділігін зерделеуді тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбе, Атырау, Павлодар және басқа да өңірлерде жасөспірімдер қылмысы көбейіп отыр. Профилактикалық шараларды күшейтуді, антибуллинг бағдарламаларының тиімділігін зерделеуді тапсырдым. Қоғамдық орындардағы қауіпсіздікке ерекше назар аудардым. Қауіпті учаскелерді бейнекамералармен және жарықпен жабдықтап, патрульдеуді күшейту қажет. Азаматтар өздерін қорғалған сезінуі тиіс – сөз жүзінде емес, іс жүзінде, - деп жазды бас прокурор Х әлеуметтік парақшасында.

Сонымен қатар ол жол-көлік оқиғаларының күрт өскенін алға тартты. Яғни бір жылда +67%, жарақат алғандар +79%.

Атырау, Қостанай, Актөбе, Жетісу облыстарында жағдай күрделі. Апаттардың 72%-ы трассаларда. Жүргізушілердің еңбек тәртібін бақылау, бала тасымалдау ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету тапсырылды. Халықаралық сарапшылардың қатысуымен Талғар мен Рудный қалаларында қауіпсіздік мәселелерін талдайтын пилоттық жоба іске қосылады. Өңірлердің криминологиялық паспорттарын әзірлеу, уәкілетті органдармен бірлесіп мектептерде заң мәдениетін ілгерілету тапсырылды, - деп қосты Асылов.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға