Жаңалықтар

Бас прокуратураның 200-ден астам құқықтық актілері жаңартылды

Бас прокуратураның 200-ден астам құқықтық актілері жаңартылды
Фото: El.kz 06.06.2023 17:10 659

Сенатта Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кезекті отырысы өтіп жатыр. Бас прокурордың көмекшісі Дәулет Рамазанов прокуратура органдарының жұмысы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бас прокуратура өзіне тиесілі нормативтік құқықтық-актілерді ревизиялап, тексердік. Нәтижесінде прокуратура органдарының жұмысын айтарлықтай тежейтін құқықтық актілер анықталмады. Мұны өткен жылдың 5 қарашасында Парламентте қабылданған "Прокуратура туралы конституциялық заңмен" тығыз байланыстырып отырмыз. 2022 жылдың қарашасынан бастап биылғы қаңтарға дейін Бас прокуратураның 200-ден астам құқықтық актілері толығымен жаңа конституциялық заңға сәйкестендірілген болатын, - деді Дәулет Рамазанов.

Сондай-ақ Бас прокурордың көмекшісі заң шығару процесіне Әділет министрлігімен бірлесе ат салысатынын атап өтті.

Бас прокуратура өз тарапынан заң шығаруды оңтайландыру мәселелері бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын ұдайы Әділет министрлігіне жолдауда. Бұл ретте Әділет министрлігінің жаңа басшылығының норма шығаруда қалыптасқан жүйелі проблемаларды шешуге дайын екенін, сондай-ақ министрлік тарапынан аталған проблемаларды талқылап, ортақ жол тауып,  шешуге икемділігін ерекше атап өткім келеді, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға